Әлеуметтік қатысу: Қазақстан білім беруді қалайша қолжетімді етуде?

Ресми білім – бұл әрбір адамның одан әрі оқуы мен мансаптық тұрғыдан өсуі үшін құқық пен негіз ғана болып табылмайды, ол – сонымен қатар, әр елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі аспектісі. Қазіргі әлемде оның маңызын асыра бағалау мүмкін емес: ресми білімге қол жеткізе алмау кедейлік пен жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелердің туындау қаупін арттырады.

Бүкіл әлемдегі үкіметтер тұрақты дамудың ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізу және әділ қоғам құру үшін сапалы бастауыш білім берудің маңыздылығын барған сайын мойындай түсуде. Білім беру мәселелерін шешу көптеген елдер үшін стратегиялық міндетке айналды. Алайда, мемлекеттің бір ғана күш-жігерінің  өзі көбінесе жеткіліксіз; жеке сектордың әлеуметтік жауапкершілікті бөлу арқылы осы мәселелердің шешімін өтеусіз негізде іздеуге қатысуы мейлінше маңызды болуы мүмкін. Қазақстан да осындай тәсілдің үлгісі бола алады.

Қазақстан өзінің білім беру жүйесінің сапасын жақсарту үшін бірқатар реформалар жүргізді, халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерді барған сайын белсендірек қолдануда. Соңғы жылдары мектеп инфрақұрылымын жаңғырту бойынша айтарлықтай күш-жігер жұмсалуда, бірақ соған қарамастан, бірқатар мәселелер шешілмеген күйінде қалып отыр.

Туудың өсуі мен қарқын алып отырған жаппай қалаға көшу үрдісінен туындаған демографиялық дүмпу мынадай екі проблемаға әкеп соқтырды: орта мектептердің жетіспеушілігі мен оқытушылар құрамының тапшылығы. Үкімет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қомақты қаражат бөледі. Сонымен қатар, билік 369 жаңа мектеп салуды көздейтін «Жайлы мектептер» ұлттық жобасын іске асыруға кірісті; соңғы үш жылда бүкіл ел бойынша 626 мектеп ашылды.

Солай бола тұрса да, жаңа мектептердің ашылу қарқыны, әсіресе ірі қалалардағы демографиялық және көші-қон процестеріне ілесе алмауда. Ресми мәліметтерге сәйкес, елде мектептердегі орын санынан оқушының саны 270 мыңға көп.

Соңғы жылдары елімізде қазақстандық бизнес білім беру инфрақұрылымы проблемаларын шешуге және білім беру сапасын арттыруға, оның ішінде өтеусіз негізде қосыла бастады. Білім беруге инвестиция салатын жекеменшік бизнеске мемлекет ұсынатын қолдаудың арқасында соңғы екі жылда елімізде жекеменшік мектептердің саны артты, ал Қазақстандағы 558 жекеменшік мектеп мемлекеттік тапсырыс есебінен қаржыландырылуда.

Алайда, Қазақстандағы кәсіпорындардың тек мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық негізде де қомақты қаражат салатынын атап өту маңызды, мұнда мектептер жеке капиталды пайдалана отырып салынады да, кейін мемлекетке тегін беріледі. Осындай мемлекеттік-жекеменшік ынтымақтастықтың арқасында Астананың шетіндегі қарқынды түрде өсіп келе жатқан Қосшы қаласында бір жылдың ішінде мектеп салынды, бұл күніне үш ауысымда жұмыс істейтін мектептері бар қаланың білім беру проблемасын шешуге мүмкіндік берді.

Жергілікті басқару органдары қалада мектеп салу үшін Болат Өтемұратов қорынан көмек сұрады.

Қосшыдағы 1500 орындық толық жабдықталған үш қабатты мектепті Қор бір жыл ішінде салып, кейін мемлекетке өтеусіз негізде берді. Қазір екі ауысымда 3000 оқушы оқитын мектеп осы жылдың 1 қыркүйегінде ашылды. Бұл – Қазақстандағы «Жайлы мектептер» ұлттық жобасының стандарттарына сәйкес келетін алғашқы мектеп. Физикалық, химиялық және биологиялық зертханалардан басқа, мектепте шеберханалар, компьютерлік сыныптар және әр оқушының бойына қарай реттеуге болатын арнайы трансформер-парта – жиһаздар бар. Мектеп ғимаратының өзі ерекше қажеттіліктері бар балаларға ыңғайлы етіп бейімделген. Жаңа мектеп қаланың үш ауысымды оқыту мәселесін толығымен шешуіне мүмкіндік берді.

Болат Өтемұратов қоры Алматы облысында тағы да екі мектеп салуға кірісті, әрқайсысының құны 17,5 млн.долларды құрайды. Олар сондай-ақ мемлекетке өтеусіз берілетін болады. Ел болашағына салынған инвестиция болып табылатын ресми мектеп білімінің құндылығы мен маңыздылығы Қордың басымдығы болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстанда білім беруді дамыту туралы сөз болғанда, жеке сектор мектептер салумен ғана шектелмейтінін айта кеткен жөн; бизнес сонымен қатар жаңа білім беру бағдарламаларын, оның ішінде басқа елдерде жұмыс істейтін бағдарламаларды енгізуге байланысты шығындарды да жабады.

Мұндай бастамалардың мысалдары қазақстандық бизнесмендер мен филантроптар іске асыратын әлеуметтік жауапкершілік жобалары болып табылатын Алматы және Астана қалаларындағы Haileybury мектептері (Британдық жекеменшік мектептер) болып табылады. Бұл мектептердің екеуі де – коммерциялық емес ұйымдар және алынған қаражат дарынды балаларға арналған даму бағдарламалары мен шәкіртақыларға қайта инвестицияланады. Балаларға А Level және International Baccalaureate жоғары білікті халықаралық бағдарламалары бойынша тегін оқуға мүмкіндік беріледі. Haileybury мектептерінің көптеген түлектері беделді университеттерге түсу арқылы шетелге оқуға кетті.

Елімізде кадрларды даярлауға және оқушылардың білім сапасын арттыруға қолдау көрсететін басқа да бірқатар қайырымдылық бағдарламалар жұмыс істейді. Атап айтқанда, Болат Өтемұратов қоры іске асыратын «Жас лидер академиясы» бағдарламасы оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін қолдап, дамытады; бұл – Қазақстандағы 5-11 сынып оқушылары үшін көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша сабақтарды кеңінен және жүйелі енгізуді көздейтін осындай бірінші бастама. «Жасыл мектеп» жобасы аясында 36 мемлекеттік мектепте жылыжайлар орнатылды. Жобаны жасаушылар жылыжайларда өткізілетін сабақтар мектеп бағдарламасын практикалық сабақтармен толықтыратынын және мұғалімдерге қызықты факультативтік сабақтар өткізуге жақсы мүмкіндік беретінін түсіндіреді.

Мемлекет жаңа мектептер салуға және мұғалімдерді даярлауға қомақты қаражат жұмсай отырып, білім беру жүйесін жетілдіруде жетекші рөл атқаруы тиіс екенін есте ұстаған жөн. Жеке сектор білім беру сияқты әлеуметтік маңызы бар секторлардың алдында тұрған проблемалардың шешімін іздеуде мемлекеттің орнын баса алмайды, бірақ жеке инвестициялар айтарлықтай қолдауды қамтамасыз етеді, өйткені олар оқу орындарының жетіспеушілігі мен мектептердің шамадан тыс толуы сияқты өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі әрі Қазақстанның мысалы мұны растайды.