Кәсіби теннисшілер қауымдастығы КТҚ 250 теннис турнирін Aстанадан Алматыға көшіру туралы шешімді бекітті

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (КТҚ) КТҚ 250 сериясының теннис турнирін Астанадан Алматыға ауыстыру туралы шешімді бекітті. КТҚ сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес, Almaty Open 2024 жылғы 13-20 қазан аралығында өтеді.

«Алматы КТҚ 250 сериясы турнирінің эстафетасын қабылдауға лайық, өйткені қазақстандық теннис дәл осы қалада өткен ғасырдың 20-жылдарында дами бастады. Almaty Open ауқымды спорттық іс – шараға айналуға ғана емес, сонымен қатар турнир өтетін Almaty Arena аумағында мерекенің, энергияның және жарыс рухының ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов.

КТҚ 250 сериясының турнирі – әлемнің 30 елінде өтетін жаһандық спорттық іс-шаралардың ішіндегі бірегейі. Бұл санатқа 40 турнир кіреді, олардың кез-келгенінде жеңіске жету теннисшіге КТҚ рейтингі бойынша 250 ұпай әкеледі. Алдағы КТҚ 250 Almaty Open турнирінің жүлде қоры $1 млн.  асады.

КТҚ 250 сериясының алғашқы жыл сайынғы турнирі Астанада 2020 жылы өтті. 2022 жылы турнир деңгейі бір рет КТҚ 500 деңгейіне дейін көтерілді. Сол кезде шын мәнінде нағыз жұлдызды құрам жиналды: Новак Джокович, Стефанос Циципас, Даниил Медведев, Карлос Алькарас, Губерт Хуркач, Андрей Рублев және басқалар. Жыл сайын қазақстандық турнир 110-нан астам елдің аумағында көрсетіледі.