Кеңестік жоғары оқу орындарын бүкіл Еуразиядағы жетекші менеджмент мектептерінің біріне қалай айналдыруға болады?

 «Қазақстанда білім алуға үздік қазақстандық студенттерді ғана емес, сондай-ақ басқа елдерден студенттер тартуға да көңіл бөлуге әбден болады».

Шамамен 32 жыл бұрын Қазақстан Кеңес одағынан тәуелсіздік алып, нарықтық экономика жолына түсе бастады. Бұл біздің еліміз бен қоғамымыз үшін, әсіресе білім беру жүйесі үшін, оңай кезең болмады.

Қазақстанда ондаған жаңа жеке коммерциялық университеттер мен колледждер пайда болды. Бұрыннан жұмыс істеп тұрған ЖОО-лар өздерінің білім беру бағдарламаларын жаңа жағдайларға бейімдей отырып, жағдайға қарай өзгеруге, сондай-ақ Қазақстанның жаңа білім беру мекемелерімен және басқа елдердің университеттерімен студенттер мен оқытушылар үшін неғұрлым заманауи біліктілігі бар оқытушыларды жұмысқа ала отырып бәсекелесуге мәжбүр болды.

Мен бұл процестерге байланысты қиындықтардың бар екенін ел-жұрттың айтуынан емес, өзімнің тікелей араласуымнан білемін. Студент кезімде мен тәуелсіздік алғаннан кейін көп ұзамай Қазақстан үкіметінің бастамасымен құрылған және қазақстандық ғалымдарды заманауи техникалық және басқару дағдыларын игеру мақсатында шетелдік университеттерде оқытуды қаржыландыруға бағытталған «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болып, Польшадағы Вроцлав университетінде оқыдым. Отаныма оралып, Астанадағы университеттердің бірінде басшылық лауазымда жұмыс істедім, содан кейін екі жылға жуық ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқардым.

Мен реформалардың, эксперименттер мен жаңғырту әрекеттерінің осы тұрақты процесін үш жағынан – студент ретінде, университет басшысы ретінде және Үкімет мүшесі ретінде көрдім. Сондықтан 2021 жылы маған осы жолды жалғастыруды және Қазақстанның ең ірі қаласы – Алматыда орналасқан Нархоз университетін басқаруды ұсынған кезде, мен бұл сын-қатерді үлкен ынтамен қабылдадым.

Нархоз Университетінің даму тарихы және оның болашаққа жоспарлары – бұл Қазақстанның қазіргі жоғары білім беру жүйесінің тарихы: тарихи іргетасқа сүйене отырып, қарқынды өзгеру кезеңі.

60 жыл бұрын құрылған Нархоз университетінің кеңес заманында ең үздік және ең талантты мемлекеттік қызметшілерді, саясаткерлерді, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын дайындаған университет ретінде беделі зор болды. Оқыту сол дәуірдің үстем экономикалық теорияларына негізделді және университет тез арада ел ішіндегі мемлекеттік басқару және менеджмент саласындағы танымал оқу орнына айналды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан университеттері күтпеген жерден халықаралық білім беру қызметтері нарығына шықты, елде нарықтық экономика орнықты, басқарушы және басшы кадрларды даярлаудың қажетті критерийлері туралы түсінік бір сағатта дерлік өзгерді.

Ең маңызды сынақ халықаралық деңгейде бәсекелесу қажеттілігі болған шығар, бәлкім.  Студенттер шетелде оқу үшін көптеген жаңа мүмкіндіктерге ие болды: жас қазақстандықтар АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Германия және басқа елдердің беделді университеттерінің стипендияларын ала алды. Осы студенттердің көпшілігі диплом алғаннан кейін шетелдерде қалып,  жұмыс істеуді жалғастырғандықтан, олар Отанымен байланысын үзіп, соның салдарпынан Қазақстаннан «ақыл-ойдың шетке ағылу» процесі орын алды.

Еліміздің дамуы үшін талантты жастардың Қазақстанда білім алып, өз үйінде үздік әлемдік білім беру тәжірибесіне қол жеткізе алуы тиіс екені анық мәселе болып қала береді.

Жаңа шындыққа бейімделу үшін Нархоз университеті білім беру жүйесін қайта құруға кірісті, бұл оған елдің университеттік жүйесін жаңғыртуда жетекші рөл атқаруға мүмкіндік берді. Бұл бірінші кезекте оқыту әдістерін жетілдіру мен жаңартуға, зерттеу әлеуетін арттыруға, жаңа халықаралық әріптестік байланыстарды орнатуға және оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге қатысты болды.

Бірақ бұл біздің мұрамыздан және негізгі дәстүрлі артықшылықтарымыздан бас тартуды білдірмейді, керісінше, біз мемлекеттік басқару және менеджмент саласындағы ұлттық көшбасшы ретінде дамуға, жеке сектормен жаңа байланыстар орнатуға, халықаралық тәжірибені кеңейтуге, үздік әлемдік тәжірибелерді зерттеуге және елдің бүкіл білім беру секторын реформалауға жәрдемдесуге назар аудардық.

Бұл жолдағы алғашқы жобалардың бірі ЕО Нидерландыдағы Маастрихт менеджмент мектебімен және Италиядағы Боккони университетімен бірлесіп қаржыландыратын бағдарлама болды, ол ұлттық деңгейдегі өзгерістерге, мысалы, университеттердегі несие жүйесіне, көшуге негіз болды.

Мұндай реформалардан кейін біраз жыл өткен соң бірнеше қазақстандық университет «Magna Charta Universitatum»-ға қол қойды, осылайша Еуропадағы академиялық стандарттарды қолдау үшін Болон процесіне ресми түрде қосылды, бұл Нархоз университеті мен жоғары білім берудің бүкіл жүйесін қайта құрудағы негізгі кезеңі болды.

Бірақ реформалар статикалық мақсат емес, динамикалық процесс болып табылады, Нархоз университеті өзінің бүкіл Еуразиядағы ең үздік менеджмент университеттерінің бірі болу миссиясын жүзеге асыруда бір орында тұрып қалуға ниетті емес.

Бірақ бұл біздің мұрамыздан және негізгі дәстүрлі артықшылықтарымыздан бас тартуды білдірмейді, керісінше, біз мемлекеттік басқару және менеджмент саласындағы ұлттық көшбасшы ретінде дамуға, жеке сектормен жаңа байланыстар орнатуға, халықаралық тәжірибені кеңейтуге, үздік әлемдік тәжірибелерді зерттеуге және елдің бүкіл білім беру секторын реформалауға жәрдемдесуге назар аудардық.

Бұл жолдағы алғашқы жобалардың бірі Нидерландыдағы Маастрихт менеджмент мектебімен және Италиядағы Боккони университетімен бірлесіп ЕО қаржыландыратын бағдарлама болды және университеттердегі несиелік жүйеге көшу сияқты ұлттық деңгейдегі өзгерістерге негіз болды.

Соңғы оқиғалардың бірі Қазақстанның жетекші бизнесмендерінің бірі Болат Өтемұратовты Нархоз университетінің дамуына тарту болды. Біздің университеттің түлегі Өтемұратов мырза өзінің оқу орнын заманауи оқу орнына айналдыруды көптен армандаған екен.

2007 жылдан бастап ол университеттің дамуына 70 миллион доллардан астам инвестиция салды. Өткен жылы университеттің заманауи кампусын қайта құру аяқталды. Ғимараттың қасбеті жаңартылып, жаңа жабдықтар мен жиһаздар орнатылды. Студенттерге жайлы ішкі кеңістік құру үшін экологиялық таза материалдар пайдаланылды. Кампус аумағына 30 000-нан астам ағаш пен бұта отырғызылды, бұл атмосфераға шығарылатын зиянды шығарындыларды шамамен 75%-ға азайтуға және кампусты Алматыдағы ең жағымды әрі қауіпсіз орындардың біріне айналдыруға мүмкіндік берді.

Алайда негізгі өзгерістер сыртқы емес, ішкі өзгерістер болды. Ескірген және танымал емес білім беру бағдарламалары қысқартылды және халықаралық тәжірибеге негізделген, ағылшын тілінде оқытылатын жаңалары қосылды. Бұл бағдарламалар FIBAA-да аккредиттелген, штаб-пәтері Бонн қаласында орналасқан, ол – Еуропадағы, АҚШ пен Қытайдағы жоғары білім сапасын бағалайтын халықаралық қор.

Жаңа бағдарламалар мен курстарды бастау қиын емес, ескіргендерді қашан және қалай қысқарту керектігін түсіну әлдеқайда қиын. Соңғы екі жылда Нархоз университеті оқу жоспарынан 50-ге жуық бағдарламаны алып тастады. Бұл қиын және ауыр, бірақ бұл «сапа бәрінен жоғары» қағидатына негізделген стратегиясының бір бөлігі. Егер бағдарламада аккредиттелмеген, халықаралық тұрғыдан мойындалмаған болса, жұмыс берушілер үшін құндылық болып саналмаса немесе бұрыннан бері ескірген болып саналып келсе, оның ережесі қайта қаралуы тиіс. Біз студенттерімізге бүкіл мансаптық өсу жолында пайда әкелетін сапалы бағдарламалар портфолиосын құрғымыз келеді, ал бұған ішкі өзгерістерсіз қол жеткізу мүмкін емес.

Нархоз университеті өзінің негізгі ДНК-сына адал бола отырып, қазіргі тәуелсіз мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкес бағдарламаларын жаңарту жолымен жүрді. Сөйтіп, мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесіп университетте «Қолданбалы қаржы» бағдарламасы іске қосылды, ол бүгінде еліміздің қаржы секторының болашақ көшбасшыларын даярлаудың негізгі алаңына айналды. Біздің оқытушылар сонымен қатар отандық бухгалтерлік есеп және аудит нарығын дамытуда ізашар болды, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңдарды әзірледі, елдің Аудиторлық палатасын құруға қатысты. Ал биылғы жылы Қазақстанның қаржы нарығын реттеуші университетте маман-актуарийлерді даярлауға грант бөлінді.

Біз сондай-ақ жеке сектормен тығыз жұмыс жасаймыз, осылайша студенттер тек таза теориялық емес, қолданбалы білім де алады және тек академиялық ортамен емес, нақты әлеммен байланысты болады. Біздің білім беру бағдарламаларымыз бизнеспен серіктестікте әзірленуде және тәжірибеге негізделген. Мысалы, «Телекоммуникациялық маркетинг» бағдарламасы еліміздегі ең ірі телекоммуникациялық компаниялардың бірі – Beeline Қазақстанмен бірлесіп іске асырылуда. Туризм және қонақжайлылық факультетінің студенттері The Ritz-Carlton, Astana және Rixos Borovoe қонақүйлерінде бес айлық тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар, «үлкен төрттік» ЕҮ бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама аясында компания курс үшін оқытушыларды өз бетінше таңдайды.

Соңғы үш онжылдықта жоғары білім беру секторы қарқынды дамып келе жатқанына қарамастан, бұл күндері студенттер үшін бәсекелестік одан да өткір болуы мүмкін. Қазақстан мен Нархоз университеті студенттерді тарту тұрғысынан Батыс Еуропа және Солтүстік Америка университеттерімен ғана емес, Қытай мен Малайзия сияқты елдермен, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерімен бәсекелеседі.

Біздің осы бағыттағы жұмысымыздың негізгілерінің бірі – студенттер екі түрлі елдің екі университетінде бір уақытта дәреже алатын қос дипломдық бағдарламалар, мысалы, бізде Ковентри университетімен (Ұлыбритания) «Экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша және Миколас Ромерис университетімен (Литва) «Құқықтану» мамандығы бойынша бағдарламалар бар».

Болашаққа көз жүгірте отырып, менің ойымша, біздің үздік студенттерді Қазақстанда білім алуға тартуға ғана емес, тіпті басқа елдерден студенттер тартуға да көңіл бөлу әбден мүмкін. Академиялық ғылымды дамыту және кампусқа инвестиция салу арқылы Нархоз университеті студенттерді шетелден – Өзбекстан мен Ресей сияқты көрші елдерден де, студенттер ағыны болған жерден де, Үндістан мен Нигерия сияқты дамып келе жатқан экономикалық державалардан да тарта алады. Қазіргі уақытта біздің 6000 студенттің шамамен 5% – ы – шетелдіктер.

Биылғы жылы біздің осы саладағы амбицияларымыз айтарлықтай серпін алды: Нархоз университеті оқу орнын таңдау кезінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған талапкерлер бетке ұстайтын университеттердің жетекші халықаралық рейтингтерінде атап өтілді. Сонымен, QS World University Rankings 2024 рейтингінде Нархоз университеті төрт жұлдызға ие болды, бұл Ұлыбританиядағы Орталық Ланкашир Университеті мен Швейцариядағы Американдық қолданбалы ғылымдар институты сияқты университеттерге сәйкес келеді. Біз негізгі реформаларымыз – «оқыту сапасы», «түлектерді жұмысқа орналастыру» және «инклюзивтілік» санаттарының бірнешеуінде мүмкін болатын ең жоғары бес жұлдызды алдық.

Өзгерістер басталғаннан кейін үш онжылдық өткен соң, мұндай тану көптеген адамдар жауап беретін ауыр жұмыс пен қиын шешімдердің нәтижесі болып табылады. Бұл мойындау Нархоз университеті үшін де, Қазақстанның барлық жоғары білім беру секторы үшін де алдағы жылдары ынталандыру болады деп үміттенемін, әзірше біз университетімізді бүкіл Еуразиядағы жетекші менеджмент мектептерінің біріне айналдыру жөніндегі миссиямызды іске асыруды жалғастырамыз.

Автор туралы: доктор Мирас Дәулетов Қазақстанның экономика, бизнес, қаржы және құқық саласындағы жетекші университеті болып табылатын Нархоз университетінің президенті. 2019-2021 жылдары Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды, 2009-2012 жылдары Вроцлав университетінің оқытушысы болды және т.б. Ол сондай-ақ Дүниежүзілік банкпен және басқа да бірқатар ұйымдармен бірлесіп даму саласындағы жобалармен жұмыс істеді.