Болат Өтемұратов Қоры қазақстандық балалар үшін салауатты өмір салтын насихаттау жобасына 150 млн теңге салады

31 января в Алматы презентовали проект «Баламан». Это платформа с образовательно-развлекательным детским контентом о здоровом образе жизни на русском, казахском и английском языках. Идею проекта в 2017 году Академии профилактической медицины Казахстана предложил Алмаз Шарман – медик и эксперт в области биомедицинских и медико- демографических исследований. Название произошло от пословицы “Bala aman – el aman”, то есть “Здоровый ребёнок – здоровая нация”.

2018 жылы Болат Өтемұратов Қоры қазақстандықтардың өскелең ұрпағын сауықтыруға бағытталған бұл жобаны қолдауға шешім қабылдады. Бір жыл бұрын қор мультипликативтілікке нақты бағыт алып, өз жобаларының бағытын едәуір кеңейтті. Жаңа бағыттардың қатарында: Алматыдағы Ботаникалық бақты қайта құрудың ауқымды жобасы, Батырхан Шөкенов қорымен серіктестік арқылы мәдени жобаларды қолдау, Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен қазақстандық тұрғындарға гуманитарлық көмек, Алматыдағы жастардың қорғалмаған топтарына көмек көрсету үшін WeArt жобасы бар.

Қор денсаулық сақтау және халықтың жекелеген осал топтарын қолдауға байланысты өз жобаларын да назардан тыс қалдырмады, олар бойынша жұмыс бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді – ең алдымен, бұл «Асыл Мирас» аутизм орталықтары желісін кеңейту, сондай-ақ жыл сайынғы Burabike қайырымдылық фестивалін өткізудің жаңа ауқымы.

Болат Өтемұратов Қорының қолдауына ие болған келесі мақсатты топ Қазақстанның балалар халқы болды. Оған «Баламан» платформасының ағартушылық жұмысы бағытталатын болады. Жобаның жүрегінде интернетсіз және гаджеттерсіз өз өмірін елестетпейтін жаңа буынмен табысты қарым-қатынас жасау үшін заманауи технологиялар мен әлеуметтік желілерді қолдану жатыр. Мақсат – балаларға салауатты әдеттерді, аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау: тамақтану, жаттығу, күн тәртібі, құрдастарымен қарым-қатынас және алғашқы медициналық көмекке үйрету.

«Баламанды» балалар амбассадорлары да қолдады: YouTube-тегі аудиториясы 2,7 миллион жазылушыдан түратын блогер Аминка-Витаминка және «Детское Евровидение-2018» байқауының қатысушысы Данэлия Тулешова.

Өткен жылы қор «Баламан» жобасын дамытуға 22 млн теңге бөлді. Марат Айтмағамбетов басшылық ынтымақтастықтың алғашқы үш жылына шамамен 150 млн теңге жұмсауды жоспарлап отырғанын айтады. Құрылтайшы Болат Өтемұратов пен қордың қамқоршылық кеңесі қазақстандықтардың дені сау ұрпағын қалыптастыруға ұзақ мерзімді жәрдем көрсетуді мақсат тұтады. Бұл үдерісте әрбір қазақстандық бала құқылы салауатты балалық шақ іргелі рөл атқарады.