Дәурен Абаев аптаның ең жарқын оқиғасын атады

Министр соңғы жылдары Қазақстан теннис федерациясының, Мәдениет және спорт министрлігінің және теннисті дамыту жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың атқарған орасан зор жұмысын атап өтті.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Дэвис кубогінің іріктеу кезеңінде теннистен Қазақстан құрамасының Португалия командасын жеңгенін осы аптаның ең жарқын оқиғасы деп атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Апта өте қарқынды өтті, шынымен де, көптеген оқиғалар мен ақпараттық жағдайлар болды. Мен, бәлкім, теннистен Қазақстан құрамасының Дэвис кубогінің іріктеу кезеңінде Португалия командасын жеңгенін атап өткен болар едім. Осы жеңістің арқасында біздің спортшылар беделді халықаралық турнирдің соңғы кезеңіне шықты», – деді Дәурен Абаев.

Министр соңғы жылдары Қазақстан теннис федерациясының, Мәдениет және спорт министрлігінің және осы спорт түрін дамыту жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың атқарған орасан зор жұмысын атап өтті.

«Елестетіп көріңізші, соңғы 10 жылда біздің еліміздегі корттар саны төрт есеге өсті, әр облыс орталығында заманауи теннис орталықтары салынды. Нәтижесінде тенниспен айналысатын балалардың саны артып келеді, нәтиже бар. Жеке өзім осындай жеңістердің арқасында жүздеген мың баланың спортпен шұғылдануға деген ықыласы пайда болатынына күмәнім жоқ», – деп атап өтті Дәурен Абаев.

 

 

Дереккөз: https://www.zakon.kz/4957178-samoe-yarkoe-sobytie-nedeli-nazval.html