Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет әлемдік рейтингтің ҮЗДІК-10-на көтерілді

Қазақстандық ұлттық теннис командасы Билли Джин Кинг кубогінің жаңартылған рейтингінде 16-орыннан 9-орынға көтерілді.

Қазақстан құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша сияқты командаларды басып озды.

Қазақстандықтар сәуір айында үйде командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Германия командасын 3:1 есебімен жеңіп, үстіміздегі жылдың қараша айында өтетін турнирдің финалдық кезеңіне шықты.

Әлемдік рейтингте Австралия құрамасы көшбасшы болып қала береді.

Billie Jean King кубогінің Үздік-10 рейтингі келесідей:

1. Австралия – 1002,71;
2. Франция- 885,6;
3. Испания – 884,62;
4. Чехия – 842,92;
5. Швейцария – 881,81;
6. Канада – 780,09;
7. АҚШ – 758,09;
8. Словакия – 744,23;
9. Қазақстан – 704,75;
10. Германия – 702,52.

Дереккөз: www.olympic.kz