Болат Өтемұратов Қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңгеге көмек көрсетті

Үйлері су тасқынынан зақымданған 4 мыңнан астам қазақстандық «Көмек картасы» жобасы аясында атаулы қаржылық көмек алды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі. 

«Көмек картасы» – Болат Өтемұратов Қорының, Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы және ForteBank бірлескен бастамасы. Жоба табиғи және техногендік апаттардан зардап шеккен адамдарды уақтылы қолдауға бағытталған. 2022 жылы көрсетілген көмектің жалпы сомасы 400 млн теңгеден асады.

Биылғы жылы су тасқыны бірнеше аймаққа, соның ішінде әдетте құрғақ аймақтарға әсер етті. Осылайша, Маңғыстау облысында су 13 елді мекенде 174 тұрғын үйге зақым келтірді. Мыңнан астам адам барлық мүліктерін тастап, үйлерінен асығыс кетуге мәжбүр болды. Маңғыстау облысының тұрғындарын қолдауға Болат Өтемұратов Қоры 104 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Орташа алғанда, көмек сомасы бір отбасына 600 мың теңгені құрады.

«Жаңбыр қысқа, бірақ өте күші болды. Таңертеңгі сағат 3-те үйдің іші суға толды. Мұнда 8 адам, кішкентай балалар, мектеп оқушылары мен қарт ата-аналар бар. Соңына дейін біз үйде болдық, көшеде су шамамен бір метр биіктікке көтерілді және шығу қорқынышты болды. Таңертең бізді құтқарушылар эвакуациялады. Осы уақыт ішінде біз жергілікті әкімдік ұсынған тұрғын үйде тұрамыз. Біз өз үйімізге орала алмаймыз – барлық едендерді көтеруге тура келді, электр қуаты жұмыс істемейді, әлі де ылғалдың күшті иісі бар», — деді Жаңаөзен қаласының Рахат ауданының тұрғыны Райхан Танатова.

Түркістан облысында осы көктемде ТЖ режимі екі рет жарияланды. Алдымен су Қазығұрт және Сарыағаш аудандарының 6 ауылындағы 180 үйге кірді. Ол кезде «Көмек картасы» жобасы аясында 1 115 адам көмек алды. Екі аптадан кейін жауын-шашын Қақпақ және Шарбұлақ ауылдарындағы тағы 141 үйді су басуына себеп болды.

Қақпақ ауылының тұрғыны Ұланар Қалбырованың айтуынша, ол жағдайдың қайталануынан қорқады: «Біз үй мен ауланы енді ретке келтіре бастағанда, су тасқыны қайтадан басталып, шұғыл жиналып, қызыма қалаға баруға тура келді. Мен үйімнің неге айналғанын көріп, әр кезде көзіме жас аламын. Біз аулада сатылатын таңқурай мен жүгері өсірдік, енді егін болмайды».

Түркістан облысына жалпы көмек сомасы 195 млн теңгеден асты. Бұл ақшаға тұрғындар құрылыс материалдары мен жиһаздарды сатып алды. 

Осы жылдың басында Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының 1000-нан астам тұрғыны су тасқынынан зардап шекті. Зардап шеккен үйлерді қалпына келтіруге және қажетті тауарларды сатып алуға Болат Өтемұратов Қоры 110 млн теңгеден астам қаражат бөлді.

«Көмек картасы» жобасы 2018 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде 13 мыңнан астам қазақстандық ақшалай қолдау алушы болды.

Дереккөз: www.forbes.kz