Қазақстандық жасөспірімдер осы күндері Чехияның Простеев қаласында өтіп жатқан 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем біріншілігінде (ITF World Junior tennis Finals) бақ сынауда. Топтық кезеңнің соңғы үшінші матчында қазақстандықтар қазіргі әлем чемпиондары – Италия құрамасын сенсациялық түрде жеңді.
Кешегі ойын күнінің кейіпкері Даниэль Тазабеков кортқа бірінші болып шықты, оған Сальваторе Тартальоне қарсылас болды. Бірінші сетті Даниэль «нөлмен» жеңді. Екінші партияда күрес басталды, бесінші ойында қазақстандық теннисші брейк жасап, матчты жеңіске жеткізді – 6:0, 6:3.
Нағыз триллерді Заңғар Нұрланұлы мен Антонио Мариллано көрсетті. Бірінші сет итальяндықтың есебінде қалды – 6:4, екінші партияда Марильяно 3:1 есебімен жүрді, бірақ қазақстандық есепті теңестіріп қана қоймай, жеңісті де жұлып алды — 6:4. Шешуші үшінші сетте ойын әткеншек сияқты өтті: қарсыластар басқа адамдардың доп берулерімен геймдер алды. Сегізінші ойында бетбұрыс болды. Екінші әрекетте Заңғар қарсыластың берген добын алып, 5:3 есебімен алға шықты, ал келесі ойында ол сетте де, матчта да нүкте қойды – 4:6, 6:4, 6:3. Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.
Ойыннан кейін команданы бейнебайланыс арқылы Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов құттықтады. Ол тамаша нәтижені атап өтіп, балаларға плей-оффта сәттілік тіледі.
Дереккөз: TengriNews.kz