Times Higher Education журналының рейтингіне 2 қазақстандық жоғары оқу орны ғана енді

Өткен жылдан бері британдық Times Higher Education (THE) журналы жариялай бастаған University Impact Rankings рейтингіне екі қазақстандық жоғары оқу орны ғана енді. THE әлемде алғаш рет жоғары оқу орындарын олардың қоғамның тұрақты дамуына әсер ету деңгейі және БҰҰ айқындаған тұрақты даму салаларындағы мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесі бойынша бағалауды ұсынды, деп хабарлайды Turantimes.kz.

Рейтингке Алматы мененджмент университеті (301-400-орын) және Нархоз Университеті (401-600-орын) кірді. 

Екінші жыл қатарынан бірінші орынды Жаңа Зеландиядағы Окленд университеті, екінші орынды 25-қатардан көтерілген Сидней университеті (Австралия) иеленді. Бірінші үштікті басқа австралиялық университет — Батыс Сидней университеті жабады.

Ұсынылған рейтингте жоғары оқу орындары БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша бағаланды. 2015 жылы БҰҰ 2030 жылға дейінгі кезеңге адамзаттың тұрақты дамуының 17 мақсатын анықтады. Олардың ішінде: кедейлік пен аштықты жою, салауатты өмір салтын, сапалы білім мен гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, теңіз экожүйелерін сақтау және басқалар.

Дереккөз: https://turantimes.kz/obschestvo/15182-vsego-2-kazahstanskih-vuza-popali-v-rejting-zhurnala-times-higher-education.html