Болат Өтемұратов Қоры мен Қызыл Жарты Ай қоғамы Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Шотқа 50 000 теңгеден салынған ForteBank карталарын 197 адам алды.

Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамымен және ForteBank-пен бірлесіп көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының Қарамырза ауылының тұрғындарына ақшалай көмек көрсетті, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Шотта 50 000 теңгеден салынған картаны 61 отбасы немесе 197 адам алды. Жалпы сомасы – 9 850 000 теңге. Алынған ақшаға адамдар қажетті тауарларды сатып алып, мүлікті ішінара қалпына келтіре алады.

«Өкінішке қарай, биылғы дәстүрлі көктемгі су тасқыны қайталануда. Елдегі төтенше жағдайға қарамастан, серіктестеріміз екеуміз бенефициарлардың мүддесі үшін «Көмек картасы» жобасын іске асыруды жалғастырамыз. Біз өз азаматтарымыз үшін су тасқыны салдарының ауырлығын жеңілдетеміз деп үміттенеміз», – деп атап өтті Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

«Көмек картасы» бірлескен қайырымдылық жобасы 2018 жылы басталды.

Ел өңірлерінің табиғи және техногендік апаттардан зардап шеккен тұрғындарына қолдау көрсету үшін ақшаны Болат Өтемұратов Қоры бөледі, ал Қызыл Жарты Ай қоғамы көмекке мұқтаждарды анықтайды және оларға  шоттағы ақшамен ForteBank карточкаларын беруді ұйымдастырады.

2018 жылы Шығыс Қазақстан облысында жалпы сомасы 82 млн теңгеге 863 отбасы көмек алды. 2019 жылы 764 отбасына 114 млн теңгеге ақшалай көмек көрсетілді. Көмекті Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарындағы су тасқынынан зардап шеккендер, сондай-ақ оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстардан кейін Арыс қаласының тұрғындары алды.

Болат Өтемұратов Қоры мен Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы жергілікті ТЖ органдарының ынтымақтастығымен өңірлердегі ахуалды қадағалап, су тасқыны болуы мүмкін жерлерге шығуға дайын.

Карамырза кентінде 9 сәуірде 60 үй су астында қалды. Себеп Қостанай облысына төнген дауыл болды, Тімтуір өзені жағасынан шықты.

 

Дереккөз: https://informburo.kz/novosti/fond-bulata-utemuratova-i-krasnyy-polumesyac-okazali-pomoshch-postradavshim-ot-pavodkov-v-kostanayskoy-oblasti.html