Алматыда 5 миллион долларға теннис орталығы ашылады – Өтемұратов

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Қазақстанда теннис орталықтарының құрылысы және ойыншыларды ұстау мен дамытудың құны туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Алматыда біз екінші кезекті салып жатырмыз. Мен орынды арнайы таңдадым және бес миллион долларға әдемі теннис орталығы салынады. Біз оны «Эйс» деп атаймыз. Төрт корт ішінде және алтауы көшеде — Алматыда бұл менің үшінші теннис орталығым. Соған қарамастан жетіспейді», – деді Өтемұратов. 

Оның айтуынша, Петропавлдағы теннис орталығы келесі жылдың басында ашылады. Ақтөбеде қонақ үйі бар екінші теннис орталығын пайдалануға беру жоспарда бар. Сондай-ақ, Шымкентте тағы екі корт салынады. Бұған қоса, Өтемұратов 2018 жылы 14 корттың құрылысы туралы мәлімдеді.

«Қарағандыда корттар жетіспейді – мықты жаттықтырушылар мектебі бар, балалар көп. Таразда әлі корттар жеткіліксіз, Қызылордада жабық корттар болады. Тіпті Қостанай облысынанЛисаковск та біздің жоспарымызда бар – онда тенниспен айналысатын балалар тобы бар. Яғни, біздің міндетіміз – облыс орталықтарында ғана емес, ірі қалаларда да құрылыс салу. Тіпті Астанадағы екі теннис орталығы да жеткіліксіз», – деді ол. 

Сонымен қатар, Өтемұратов Қазақстанда теннисті дамытуға және кейбір ойыншыларға жұмсаған сомасын атады.

«Жоғары деңгейлі теннисшіні дайындау үшін қанша жыл қажет? Ол бізге бес-алты жасында келеді. 20-21 жасында жас жігітке немесе бойжеткенге қолдау қажет. Бұл жаста ол алғашқы жетістіктерге жетеді. Зарина Дияс, біз оны 21 жасқа дейін қаржыландырдық, оған миллион доллар салдық. Олар Заринаның өзі топты жарып шықты дейді. Мен оны 14 жасымда алдым… Және дамыту үшін менің миллион доллардан астам жеке қаражатым жұмсалды. Және ол өзін көрсете білді. Иыққа ота жасағанда, дәл солай болды. Мен қаржыландырдым. Қазір ол өзі табыс табуда», – деді Өтемұратов. 

Қорытындылай келе, ол Дияс жылдың серпіні немесе «камбэк» екенін атап өтті.

«Ол WTA жүздік рейтингінде ұшып кетті, жарақат алды, шынтағына ота жасады, бірақ өте сәтті оралды. Ол қазір рейтингте 62-орында, Токиодағы беделді турнирде жеңіске жетті», – деп қосты ол. 

Толығырақ: https://tengrinews.kz/allsports/almatyi-poyavitsya-tennisnyiy-tsentr-5-millionov-dollarov-332484/