Раздача карт помощи

Су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындары Болат Өтемұратов Қорынан көмек карталарын алды

Болат Өтемұратов Қоры мен Қызыл Жарты Ай қоғамы Қарасу ауданының тұрғындарына 10 млн теңгеге ақшалай көмек көрсетті.

Болат Өтемұратов Қоры Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірге су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысы Қарасу ауданы ауылының тұрғындарына ақшалай көмек көрсетті, деп хабарлады қор.

Қар ерігеннен кейін Карамырза, Железнодорожное және Молодежное ауылдары су басу аймағында қалды.

Затопленные дома
Су басқан үйлер

«Үйдің көп бөлігі су астында қалды, екі бөлме суға толды. Біздің кішкентай баламыз бар, бірақ үй-жайлардағы судың салдарынан пешті жағу мүмкін болмады», – деді Қарамырза ауылының тұрғыны Талғат. 

Үйлері қатты зардап шеккен ауыл тұрғындары, жалғызбасты зейнеткерлер, көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедек адамдар көмек алды.

Отбасының әрбір мүшесі үшін 50 000 теңге салынған банк карталарын 58 отбасы алды.

Карты помощи получили жители пострадавших домов
Зардап шеккен үйлердің тұрғындары көмек карталарын алды

«Бүгінгі көмек алушылардың көпшілігі маусымдық жұмысшылар болып табылады, табиғи апат олардың онсыз да мардымсыз жағдайын қындата түсті. Алынған ақша адамдарға су тасқынының салдарымен тезірек күресуге және әдеттегі өміріне оралуға көмектеседі деп үміттенеміз. Су басу қаупі еліміздің бірнеше өңірінде сақталуда, сондықтан Қызыл Жарты Аймен бірлесіп біз жағдайды бақылауды жалғастырамыз және қажет болған жағдайда отандастарымызға жедел көмек көрсетуге дайынбыз», – деді Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

«Көмек картасы» қайырымдылық жобасы 2018 жылдан бастап жүзеге асырылады. Үш жыл ішінде табиғи және техногендік апаттардан зардап шеккен 8000-нан астам адам жалпы сомасы 300 млн теңгеге қаржылық көмек алды.

Пострадавшие от паводков получили карты помощи
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек карталары берілді

2020 жылы Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының 398 отбасы, сондай-ақ Шымкенттегі Еңбекші ауданының тұрғындары көмек карталарын алды.

«Бізді назардан тыс қалдырмағаныңыз үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Бұл – ақша біз үшін үлкен қолдау, біз жөндеу жұмыстарын жүргізіп, үйді қалпына келтіруді бастай аламыз», – деді Молодежное ауылының тұрғыны Валентина Морар.

Болат Өтемұратов Қорының баспасөз қызметінің суреті

Дереккөз: https://informburo.kz/novosti/fond-bulata-utemuratova-razdal-karty-pomoshi-postradavshim-ot-pavodkov-v-kostanajskoj-oblasti