Ел тірегі – Елбасы

Болат Өтемұратов Қоры «Ел тірегі – Елбасы» науқанын қолдады

Болат Өтемұратов Қоры қалыптастырған 4 000 азық-түлік себеті еліміздің ең тығыз қоныстанған қалаларының: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, сондай-ақ Қызылорда қаласының тұрғындарына жеткізілетін болады.

Азық-түлік жиынтықтары аз қамтылған көп балалы отбасыларға және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға беріледі. Отбасылардың тізімдері өңірлік әкімдіктермен бірлесіп қалыптастырылды, ал себеттерді жеткізу еріктілердің күшімен жүзеге асырылады.

Ел тірегі – Елбасы

«Ел тірегі – Елбасы» науқаны отандастарымыздың бірлігінің, қатысуы мен мейірімділігінің нағыз үлгісі болды. Науқанға бизнесмендер, компаниялар мен бей-жай қарамайтын қазақстандықтар көбірек қосылуда. Бүгін Болат Өтемұратов Қорының көмегінің арқасында тағы 4 мың отбасы азық-түлік себетін алады», – делінген «Халық» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Кулибаеваның үндеуінде.

Ел тірегі – Елбасы

«Біз «Ел тірегі – Елбасы» науқанына қатысуға және пандемия мен карантиндік шектеулер жағдайында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетуге қуаныштымыз. Бүгінде біздің қоғам бұрынғыдан бетер бірігіп, мұқтаж адамдарға көмектесуі керек, сонда ғана біз барлық қиындықтарды жеңе аламыз, – деп атап өтті Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

«Ел тірегі – Елбасы» науқаны 17 наурызда басталды. Науқанның бастамашысы мұқтаж отбасыларға 15 000-нан астам азық-түлік себетін берген «Халық» қайырымдылық қоры болып табылады. Науқанды танымал кәсіпкерлер мен компаниялар қолдады — олардың көмегімен тағы 16000 азық-түлік жиынтығы елдің әр түрлі аймақтарына жеткізілді.

Ел тірегі – Елбасы

Науқан аясында барлығы 35 000-нан астам отбасы, 1,7 миллион килограмнан астам, әр отбасы үшін салмағы 50 килограмнан астам өнім алды.

«Халық» қайырымдылық қоры 2021 жылдың ішінде «Ел тірегі – Елбасы» науқанын бірнеше рет өткізуді жоспарлап отыр және бизнес-қоғамдастық пен басқа да қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін қосылуға шақырады.

Дереккөз: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/fond-bulata-utemuratova-podderjal-aktsiyu-el-treg-elbasyi-435154/