Красный Полумесяц

Қызыл Жарты Ай қоғамы мен Болат Өтемұратов Қоры 99 отбасына 10 миллион теңгеден астам қаражат бөледі

Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы Болат Өтемұратов Қорымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының маңындағы осал санаттағы азаматтарға көмек көрсетеді. Зардап шеккендерге, бұрын Аягөз қаласындағыдай, Болат Өтемұратов Қорының қаражаты аударылған ForteBank көмек карталары таратылады.

Су басу аймағында барлығы алты елді мекен — Глубокое ауылы, Белоусовка кенті, Веселовка, Заречное, Предгорное, Прогресс ауылдары болды. 195 отбасы зардап шекті, барлығы 630 адам.

Қызыл Жарты Ай қызметкерлері зардап шеккен отбасылардың мүлкіне бағалау жүргізіп, тұрғындардың ең осал санаттарын анықтады. Оларға үйлері толығымен қираған адамдар, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, жалғызбасты аналар және көп балалы аз қамтылған отбасылар жатады. Барлығы 99 отбасы (347 адам) көмек алады.

Көмек карталарын тарату ертең, 30 наурызда басталады. Қызыл Жарты Ай қызметкерлері әр ауылға жеке келіп, көмек карталарын таратады. Бірінші қажеттіліктегі тауарларды сатып алу үшін Өскеменге барғысы келетіндердің және оған шығуға мүмкіндігі жоқ адамдардың барлығына көлік беріледі.

Красный Полумесяц

Бұл қаражат адамдарға дағдарыстың алғашқы және ең қиын күндерінен аман өтуге және олардың негізгі қажеттіліктерін — тамақ, санитарлық-гигиеналық және асүй жабдықтарын, ұйықтайтын төсек-орынды, дәрі-дәрмектерді, киімдерді жабуға көмектеседі. Осылайша, 99 отбасы көмек алады: жалпы сомасы 10 410 000 теңгеге 347 адам. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған елді мекендерде азаматтардан өтінімдерді қабылдау және зардап шеккендердің жағдайы мен қажеттіліктерін бағалау аяқталды.