Су Аягөздегі ондаған үйді қиратты – Шығыс Қазақстандағы ТЖ ауқымы

Қоғамдық ұйым Қазақстандағы ең бай адамдардың бірімен бірлесіп, топан судан зардап шеккендерге көмекке қосылатынын мәлімдеді

АСТАНА, 15 мар — Sputnik. Қызыл Жарты Ай қоғамы Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында 32 үй қирағанын, жүзден астам үй еріген қар суынан зардап шеккенін хабарлады.

«Соңғы мәліметтер бойынша, 159 үй зардап шекті, оның 32-сі толығымен қираған және қалпына келтіруге жатпайды. 130-дан астам адам шатырсыз қалып, № 6 мектеп-интернат жанындағы эвакопунктте орналастырылды», – делінген ұйымның хабарламасында.

Су тасқынынан зардап шеккен Аягөз қаласының тұрғындарына арнайы банк карталарына қаражат аударылады.

«ТЖ ауқымын ескере отырып, көмек көрсету үшін көмек карталары тетігі қолданылады. Зардап шеккендер үшін Fortebank арнайы банк карталары шығарылды, оған Болат Өтемұратов Қоры қаражат аударады», — делінген Қызыл Жарты Ай қоғамының хабарламасында.

Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен зардап шеккендерге көмек туралы мәлімдеді.

«ТЖ ауқымын ескере отырып, көмек көрсету үшін көмек карталары тетігі қолданылады. Зардап шеккендер үшін Fortebank арнайы банк карталары шығарылды, оған Болат Өтемұратов Қоры қаражат аударады», — деп атап өтті қоғамда.

Көмек карталарын тарату 16 наурызда басталады. Бірінші кезекте үйлері толығымен қираған азаматтардың ең осал санаттары көмек алады.

Су тасқыны 10-11 наурызда басталды. ТЖ комитетінің мәліметінше, еріген қар суы мен қатты жаңбыр салдарынан Аягөз қаласындағы үйлерді су басты. Арықтардың бітелген жүйесі жағдайды ушықтырды. Ондаған адам эвакуацияланды.

Ауданда жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды.

Әрі қарай оқу:: https://ru.sputniknews.kz/regions/20180315/4926310/ayagoz-krasnyj-polumesyac-podtopleniya-pomoshch.html