Болат Өтемұратов Қоры «ерекше балаларға» $1 млн бөлді

Қаражат церебралды сал ауруы бар балаларға арналған қарқынды оңалту және ерте араласу орталығын және мамандарды даярлау жөніндегі оқу орталығын ашуға жұмсалады.

Болат Өтемұратов Қоры «АРДИ» мүгедек балалардың ата-аналар қауымдастығына 330 миллион теңге бөлді. Өткен аптада тиісті меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаражат церебралды сал ауруы бар балаларға арналған қарқынды оңалту және ерте араласу орталығын және церебралды сал ауруы бар балаларды оңалту саласында мамандар даярлау жөніндегі оқу орталығын ашуға жұмсалады. Жобаны «АРДИ» мүгедек балалардың ата-аналарының қауымдастығы Алматы қаласындағы Аружан Саиннің «ДОМ» ҚҚҚ тікелей қолдауымен жүзеге асырылады.

Орталық төрт бағытта жұмыс істейді:

* ерте араласу

* қарқынды терапия (оңалту)

* түзету-педагогикалық, кәсіптік терапия

* білім беру-ресурстық орталығы

Жоспарланған қамту – 0-ден 14 жасқа дейін 300 балаға дейін. Орталықта үздіксіздік, тұрақтылық және ерте араласу қағидаттарында церебралды сал ауруы диагнозы қойылған балаларды оңалтудың үздік әлемдік әдістемелері мен заманауи тәсілдері енгізіледі. Оңалту және оқыту бойынша барлық қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

Орталық базасында үздік әлемдік тәжірибе Қазақстанда дәйекті түрде енгізілуі үшін жетекші халықаралық мамандар мен қазақстандық сарапшылардың церебралды сал ауруы бар балаларды оңалту және олармен жұмыс істеу бойынша оқыту ғылыми-практикалық семинарлары мен тренингтері өткізіледі.

«Осы жобаны іске асыра отырып, ерте араласу негізінде тәуекел тобындағы балаларды мүгедектікті төмендету, сондай-ақ церебралды сал ауруы бар балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтудың инновациялық орталығының жаңа моделі құрылады», – деп түсіндірді АРДИ қауымдастығының төрайымы Әсия Ахтанова. «Болат Өтемұратов Қорының және меценаттың өзінің жеке қатысуының арқасында мұндай жобаны іске асыру мүмкін болды. Уақыт өте келе біздің орталық бүкіл Қазақстан үшін церебралды сал ауруы бар балалармен жұмыс жөніндегі сараптамалық және білім беру хабына айналады деп үміттенемін».