Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы болды

Үшінші жолдан тек 115 балл бөліп тұр.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдегі ең үздік теннисшілердің рейтингін жаңартты. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турниріндегі жеңісінің арқасында әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді. Американдық Джессика Пегула иеленген үшінші орыннан оны тек 115 балл бөліп тұр, деп хабарлайды ҚТФ.

2023 жылғы 22 мамырдағы WTA рейтингі

Елена Рыбакина 2023 жылғы WTA чемпиондық жарысының екінші қатарында орнықты. Ол осы рейтингтегі үшінші поляк Иги Швёнтектен алшақтықты арттырды. Енді олардың арасындағы айырма 1131 балды құрайды. Елена мен чемпиондық жарыстың көшбасшысы – Беларусь теннисшісі Арина Соболенко арасындағы алшақтық одан да айтарлықтай қысқарды. Енді Соболенко Рыбакинадан 564 ұпай алда, екі апта бұрын чемпиондық жарыста бірінші және екінші орын арасындағы айырмашылық 1554 ұпай құрады.

Естеріңізге сала кетейік, чемпиондық жарыста алғашқы сегіз орынды иеленген теннисшілер маусымның финалында WTA қорытынды турниріне қатысуға құқылы.

Дереккөз: Informburo.kz