Қазақстандық бизнес пен жеке бастамалар Covid-2019 қарсы күресте қалай көмектеседі 

2020 жылдың 11 наурызы бүкіл планета үшін алаңдатарлық күн болды: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Сәуір айының басында Covid-19 әлемнің 180-ден астам елінде тіркелді, олардың ішінде Қазақстан да бар.

Коронавирус сияқты кез келген апатқа қарсы күресте қоғам мен бизнестің көмегі қажет, ал мұндай уақытта жеке бастамалар ерекше бағаланады. Акционері белгілі меценат Болат Өтемұратов болып табылатын «Верный Капитал» компаниялар тобы шетте қалмады: ол пандемиямен күреске 1 миллион доллар бағыттады.

«Верный Капитал» компаниялар тобының бас акционері, бизнесмен және меценат Болат Өтемұратов:

«Бүгінде әлемде коронавирустық инфекцияның таралу қаупі және жаһандық пандемияны тоқтату үшін үкіметтер қабылдаған шаралар әсер етпейтін бірде-бір адам жоқ. Бұл – өте қиын кезең және көмектесу мен қолдау арқылы одан бірге өтуіміз керек. Мен қазақстандықтарға республикалық көмек қорына 1 миллион доллар аудару туралы шешім қабылдадым. Мен сондай-ақ компаниялар тобының кез келген жағдайда бизнесті әлеуметтік жауапты жүргізу қағидаттарына бейілділігін растаймын», – деп атап өтті Болат Өтемұратов.

Болат Өтемұратов бастаған «Верный Капитал» жаһандық пандемия жағдайында елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстан Президенті мен Үкіметінің қабылдаған шаралар кешенін қолдай отырып, өзінің бейілділігін көрсетеді.

Дәрігерлер қазақстандықтардың сауығып кетуіне көмектесіп, ғалымдар Covid-2019-ға қарсы вакцина жасауға тырысып жатқанда, елге қауіпті инфекцияны анықтау үшін тесттер қажет. Мұнда да Болат Өтемұратов коронавирустың таралуын тоқтату үшін өз үлесін қосуға шешім қабылдады.

Болат Өтемұратов Қорынан 200 млн теңгеге экспресс-тесттер

1 миллион доллар жаһандық сомадан басқа Болат Өтемұратов Нұр-Сұлтан мен Алматыда Covid-19-ға қарсы күрес шараларына тағы 200 миллион теңге бөлді. Дәл осы екі қалада жұқтырғандардың саны ең көп. Бұл ақшаға ағзада вирусқа антиденелердің бар-жоғын анықтау үшін экспресс-тест жинақтарын уақтылы сатып алынып, әкелінді.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова:

«Күніне орта есеппен 500-ден 1000-ға дейін тест өткізу жоспарлануда. Менің қаулыммен экспресс-тестілеуге жататын адамдардың санаттары анықталды. Олар ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылмаған жедел жәрдем қызметкерлері, әлеуетті байланыста болған адамдар, сондай-ақ автоөткізгіштер мен темір жол көлігі арқылы кіретін адамдар, біздің елімізде коронавирустық инфекцияны жоюға байланысты іс-шараларға тікелей қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері», – деді Айжан Есмағамбетова.

Болат Өтемұратов Қорының қаражатына сатып алынған тесттердің көрінісі

Капиллярлық қанның экспресс-тесттерінің жұмысы келесідей: 10 минут ішінде олар COVID-19 коронавирусына антиденелердің болуын анықтайды. ҚХР өндірісінің тесттері Еуропалық парламент директивасының ережелеріне сәйкес келеді, олардың барлығы Алматыдағы Орталық референс-зертханада міндетті валидациядан өтті.

Бұл кейбір Еуропа елдерінде болғандай, халықты скринингтен өткізу кезінде сапасыз тесттерді пайдаланбау үшін маңызды. Қор барлығы 94 мың IgG/IgM сыныбының экспресс-тест жинағын сатып алды. Бұл тесттер сертификаттаудан өтті, кейін Нұр-Сұлтан және Алматы бойынша денсаулық сақтау басқармасы экспресс-талдау жүргізу бойынша он мобильдік топтан ұйымдастырды. Тесттер екі қала арасында бірдей бөлінеді.

«Коронавирустың таралуына қарсы күрестегі маңызды шара – олардың денсаулығы мен айналасындағылардың саулығы үшін жұқтырғандарды ерте анықтау. Бұл туралы эпидемияның шыңына жеткен елдердің тәжірибесі дәлелдейді. Уақтылы қабылданған шаралар инфекция ошақтарын шектеуге, науқастардың санын азайтуға және өлім-жітім санын азайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Кәсіпкер сонымен қатар өткір әлеуметтік мәселелерге уақтылы назар аударып, оларды шешуге жедел көмектесетіндігімен танымал.

Жалпы алғанда, Болат Өтемұратов 2019 жылы қоғамдық қайырымдылыққа, кәсіпкер баспасөзде жарияламауды жөн көретін жеке бастамаларын есептемегенде, 6 млрд теңге жұмсады. Өтемұратов қоры – Қазақстан өңірлерінде аутизм орталықтарын ашатын жалғыз қор. 2019 жылы белгілі меценаттың қайырымдылық компаниясы Қызылорда қаласында көп балалы отбасыларға және Арыста зардап шеккендерге арнап үйлер салды.

Болат Өтемұратов Қоры алтыншы жыл жұмыс істейді, мұраты – Қазақстанға бүгін және болашақта адамдар өмір сүруі үшін жақсы мекенге айналуға көмектесу. Басымдықта – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы жобаларды дамыту және демеушілік ету.