Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы қайырымдылыққа 6 млрд теңге жұмсады

Өтемұратов қоры – Қазақстан өңірлерінде аутизм орталықтарын ашатын жалғыз қор. 2019 жылы қор Қызылордада көпбалалы отбасыларға және Арыста зардап шеккендерге арнап үйлер салып, қызметін кеңейтті.

Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры алтыншы жыл қызмет етеді. 2014 жылы оны белгілі кәсіпкер, меценат Болат Өтемұратов құрды. Қордың мұраты – Қазақстанға бүгін және болашақта адамдар өмір сүруі үшін жақсы мекенге айналуға көмектесу. Басымдықта – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы жобаларды дамыту және демеушілік ету.

2019 жылы қор қайырымдылық географиясын кеңейтіп, Қазақстан өңірлеріндегі мұқтаж отбасыларға арналған коттедж қалашықтарын салуға ақша бөлді.

Қазақстан өңірлерінде аутизм орталықтарының ашылуы

2015 жылы Болат Өтемұратов Қоры құрылтайшысының бастамасымен «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасын іске қосты. Жобаның басты мақсаты – өңірлерде аутизм орталықтарын ашу. Қордың қолдауының арқасында Қазақстанның әр түрлі қалаларында балалар мен олардың ата-аналарына көмек көрсету үшін аутизм орталықтары ашылды.

«2019 жылы «Асыл Мирас» орталықтарының саны сегізге дейін өсті. Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Орал және Өскемен қалаларында орталықтарға жаңа орталықтар қосылды – Шымкент пен Петропавлда. «Асыл Мирас» бағдарламасына бес жыл ішінде барлығы 6 мыңға жуық бала қабылданды, оның ішінде 2,5 мыңнан астамы – тек 2019 жылы. «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының барлық қызметтері тегін», – деп атап өтті қордың қамқоршылар кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман.   

«Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасына Болат Өтемұратов қоры 12,5 миллион доллар бөлді.

Мұқтаждарға арналған тұрғын үй құрылысы

2019 жылы қордың құрылтайшысы Болат Өтемұратовтың шешімімен «Баламекен» жобасы басталды. Оның мәні – көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арнап үйлер салу. Қор қаражатына коттедждер-дуплекстер салынды:

  • Қызылордада 100 көпбалалы отбасы үшін,
  • Арыс қаласында жарылыстан кейін зардап шеккен 100 отбасы үшін.

«Бұл – отансүйгіш азаматтардың туған мемлекетіне, отандастарының өмірін жақсартуға көмегінің жарқын мысалы», – деп атап өтті қордың қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ақын, жазушы-әдебиеттанушы, қоғамдық-саяси қайраткер Олжас Сүлейменов.

Болат Өтемұратов Қоры Қызылорда мен Арыстағы үйлердің құрылысына 1,3 миллиард теңге бөлді.

Алматыдағы Ботаникалық бақты қайта құру

2018 жылдан бастап Болат Өтемұратов Қоры Алматы Ботаникалық бағын қайта жаңғыртуда. 2020 жылдың көктемінде оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтары жаңартылған инфрақұрылымға, абаттандырылған аумаққа ие болады, онда жаңа өсімдіктер отырғызылады.

«Жоба әкімдік, әкімдік жанындағы қоғамдық кеңес, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен қоғамдық тыңдауларда келісілді. Биыл бей-жай емес азаматтардан екі еріктілер тобын құрдық. Бірінші топ қайта құру жөніндегі жұмыстардың орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, ал екіншісі алдағы көктемде өсімдіктер отырғызумен айналысады», – деді Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Жобаның басты мақсаты – 1932 жылғы бастапқы жоспарлар бойынша және әлемдік ботаникалық бақтардың ең жақсы дизайн үлгілерін ескере отырып, қаланың жасыл оазисін қалпына келтіру.

ТЖ зардап шеккендерге ақшалай көмек

Соңғы бірнеше жылда Болат Өтемұратов Қоры су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға қаржылай көмек көрсетіп келеді. 2019 жылы Forte Bank көмек карталарын Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарының тұрғындары алды. Барлығы 400 отбасы жалпы сомасы 54 миллион теңге алды.

Бұл – үйлеріне топан су зақым келтірген адамдар. Жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, жалғызбасты аналар, көп балалы және аз қамтылған отбасылар басымдыққа ие.

Сонымен қатар, Арыстағы жарылыстардан зардап шеккен 2 мың адам жалпы сомасы 60 миллион теңгеге ақшалай көмек алды.

Burabike Fest спорттық-музыкалық фестивалі

Еліміздің ең ірі қайырымдылық шарасы – Burabike-2019 спорттық-музыкалық фестивалі өткен жылдардағы рекордтарды жаңартты. Бұл жолы фестиваль форматы өзгертіліп, кеңейтілді – екі күндік жарыстар, шеберлік сыныптары мен ашық аспан астындағы концерттер. Фестивальге 4 мыңнан астам адам келді, ал қайырымдылық алымдар сомасы 300,2 миллион теңгеге жетті.

Бұл ақшаға Қазақстанның шалғай аудандарындағы ауруханалар үшін қымбат медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.

Батырхан Шөкенов мұрасы

Болат Өтемұратов Қоры екі жыл бойы Батырхан Шөкенов атындағы қордың жобаларын қолдап келеді. Олардың ішінде:

  • Батыр әндерін қазақ тілінде шығару,
  • Батырдың альбомдар жинағын шығару,
  • Батырхан Шөкенов атындағы музыкалық байқау өткізу.
  • музыкалық жоғары оқу орындары студенттері мен мектептердің дарынды оқушыларына атаулы шәкіртақылар беру,

2020 жылы Болат Өтемұратов Қоры қабылданған стратегияны жалғастырып, ағымдағы жобаларды кеңейтетін болады.