Қайырымдылық велошеруі жеті жыл ішінде шатырлы қалашықпен, жұлдыздардың қойылымымен, шеберлік сыныптарымен, теннис турнирлерімен, веложарыспен және екі күндік аукционмен бірге жаппай спорттық-музыкалық фестивальге айналды.
Жетінші жыл қатарынан Болат Өтемұратов Қоры мен Rixos Borovoe қонақ үйі Бурабайда Burabike Fest қайырымдылық фестивалін өткізеді. Жақсы дәстүр 2013 жылы басталды – ол кезде велошеруге жүзге жуық адам қатысты. Аукционда түскен қаражат сомасы 11,5 миллион теңгені құрады. Бұл ақшаға облыстық Көкшетау перинаталдық орталығына жабдық сатып алынды.
Жеті жыл ішінде велошеру жаздың соңындағы танымал және күтілетін оқиғаға айналды. Енді қатысушылар саны мыңдаған, ал жиналған қаражат сомасы жүздеген миллион теңгені құрайды. Велошерудің өзі спорттық-музыкалық фестивальге айналды, оған қазақстандықтар велосипедпен ғана емес, табиғатта демалу үшін отбасыларымен келеді.
Биылғы жылы көптеген қатысушылар фестиваль форматын өзгертті. Біріншіден, ол екі күндік болды. Екіншіден, Rixos Borovoe аумағында шатырлы лагерь құрылды. Осылайша ол дәстүрлі түрде жаздың соңында ашық ауада өткізілетін ірі халықаралық фестивальдерге жақындады.
«Биыл біз шатырлы қалашық құрдық, балаларға арналған концерттер, бағдарламалар ұйымдастырдық, – дейді фестивальдің бастамашысы Болат Өтемұратов. – Бұл – музыкалық сүйемелдеумен спорттық және отбасылық демалыс. Адамдар велосипедпен жүруден үлкен ләззат алады. Ең бастысы – жиналған ақша қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады. Жыл сайын біз қолдауды қажет ететін медициналық мекемелердің тізімін жаңартып отырамыз».
Фестивальдің қайырымдылық мақсаты – облыстық, аудандық және ауылдық медициналық мекемелерге қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін ақша жинау өзгеріссіз қалды. Фестиваль өткізілген жылдары Болат Өтемұратов Қоры 1 миллиард теңгеден астам қаражат жинады. Фестиваль қонақтары 27 ауруханаға, оңалту және перинаталдық орталықтарға, балалар үйлеріне, ерекше қажеттіліктері бар балалар бірлестіктеріне жабдықтар сатып алуға демеушілік жасады.
Биыл бес медициналық мекемеге жабдық сатып алуды жоспарланды:
Алматы облыстық ауруханасы;
Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы;
БҚО Жанғалы аудандық ауруханасы;
Ақмола облысы Есіл аудандық ауруханасы;
СҚО Бішкөл ауылының Қызылжар аудандық ауруханасы.
Бірақ екі күндік аукционнан жиналған ақша көп болды. Сондықтан қайырымдылық фестивалін ұйымдастырушылар бенефициарлар тізімін кеңейтті, оған Шелек аудандық ауруханасы, Петропавл қаласының оңалту орталығы және Нұр-Сұлтан қаласының Травматология және ортопедия ҒЗИ кірді.
«Биыл Burabike бірнеше рекордты жаңартты: қатысушылар саны бойынша – 4 мыңнан астам адам; қайырымдылық алымдар саны бойынша – 300 миллион теңгеден астам, – дейді қор директоры Марат Айтмағамбетов. – Бұл – рекордтық сома. Мысалы, өткен жылы біз 205 миллион теңге жинадық. Демеушілердің, меценаттардың, қатысушылардың арқасында біз бенефициарлар тізімін кеңейтеміз».
Бұл жолы фестивальге төрт мыңнан астам қонақ келді. Олар үшін бай бағдарлама дайындалды. Бірінші күні 35 және 70 шақырым қашықтыққа жол велосипедтерінде әуесқой веложарыс өткізілді.
Спорт әуесқойлары үшін теннис турнирі, ал табиғатта демалушылар үшін қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен 31-арнадан концерт өткізілді.
Фестивальдің бірінші күні меценаттар мен ірі кәсіпкерлерге арналған қайырымдылық аукционымен қоса гала-кешкі аспен аяқталды. Ұйымдастырушылар 164 миллион теңге жинай алды.
Сатып алушылар Алматы Ботаникалық бағының аумағында қайта жаңартылғаннан кейін орнатылатын атаулы орындықты ең жоғары бағалады. Лот 20 миллион теңгеге сатылды. Қазақстандық орындаушы Батырхан Шөкеновтың коллекциясынан бес флейта жиынтығы 13 миллион теңгеге сатылды.
Бір жыл қатарынан аукционда аты аңызға айналған әйгілі спортшылардан лоттар қойылады: әлемнің бірінші ракеткасы – сербиялық теннисші Новак Джокович, әлемнің екінші жеке ракеткасы – испандық теннисші Рафаэль Надаль, Тур де Франс-2019 жеңімпазы Эган Берналь, бразилиялық футболшы Пеле. Қайырымдылықты қазақстандық жұлдыздар: Astana Team велошабандоздары, теннисші Зарина Дияс, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, боксшы Серік Сәпиев, әнші Димаш Құдайберген, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин да қолдайды.
Ал фестиваль қонақтарының арасында Берік Имашев, Александр Винокуров, Райымбек Баталов, Нұрлан Смағұлов, Арыстанбек Мұхамедиұлы және т.б. атақты спортшыларды, танымал саясаткерлерді және бизнесмендерді кездестіруге болады.
«Болат Өтемұратовтың бастамасы құрметке лайық, – дейді фестивальге жетінші жыл қатарынан қатысып келе жатқан Astana Group иесі Нұрлан Смағұлов. – Біріншіден, бұл – спорт, екіншіден, қайырымдылық. Ол маған өте ұнайтын осы екі нәрсені біріктірді. Бұл мерекені ұйымдастырушының өзі – жаны жарқын адам. Сондықтан сөреге бірге шығу және велосипед тебу тамаша».
Фестивальдің екінші күні 10 шақырымдық веложарыс, Оpen air, танымал қазақстандық орындаушылардың қойылымдары, шығармашылық шеберлік сыныптары және, әрине, қайырымдылық аукционы сияқты қызықты болды. Бұл жолы ұйымдастырушылар 6,2 миллион теңге жинады, оның ішінде аукцион кірісі, қайырымдылық және брендтік спорттық жабдықтарды сатудан түскен қаражат. Сонымен қатар, тіркеу және демеушілік жарналар 130 миллион теңгеден асты. Осылайша рекордтық сома – 300,2 миллион теңге жиналды.
«Біз әрбір қатысушыға, демеушіге, аукциондағы лотты сатып алушыға өз үлестері үшін алғыс айтамыз. Burabike Fest фестивалін өткізудің арқасында еліміздің әр түрлі өңірлерінде медициналық қызметтердің сапасы жақсарып, олардың тұрғындары ең заманауи диагностикалық және оңалту жабдықтарына қол жеткізе алады», – деп қорытындылады Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.
Burabike Fest бастамашысы Болат Өтемұратов дәстүрді өзгертпек емес – келесі жылы Щучье-Бурабай курорттық аймағында тағы да ашық ауада қайырымдылық фестивалі өтеді. Форматы әзірге белгісіз, бірақ ұйымдастырушылар ол да бай және қызықты болады деп уәде береді.