Алматыда COVID-19 скринингін жүргізу үшін модульдік зертхана ашылды

Болат Өтемұратов Қоры оңтүстік астанаға автоматтандырылған модульдік зертхана сыйлады.

Бүгін, 12 маусымда Алматыда коронавирустық инфекцияны анықтау үшін алғашқы модульдік зертханалық кешен іске қосылды, деп хабарлайды Business FM тілшісі.

Зертхананың ашылуына Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, «Верный Капитал» КТ Бас директоры Ерлан Оспанов, сондай-ақ Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов қатысты.

Коронавирустың күрт өршуіне және жаппай жұқтыруға жол бермеу үшін эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Болат Өтемұратовқа және оның бүкіл командасына COVID-19-ға қарсы күреске қосқан үлесі үшін алғыс білдіре отырып.

Зертханада ПТР-талдаудың бүкіл циклін өткізуге арналған толық жабдықтар: жиынтықта 42 бірлік жоғары технологиялық жабдық пен зерттеу жүргізуге арналған құралдар жиынтығы бар. Зертхананың қуаты бір күнде 1000 талдауды құрайды, оның әлеуеті 5000-ға дейін жетеді, тест нәтижесі үш сағат ішінде дайындалады. Зертханалар өз жұмысын дереу бастауы үшін қор әрқайсысын 30 мың тестке қажетті реагенттер жиынтығымен толықтырды.

Біз дағдарыстық жағдайларды еңсеру үшін мемлекеттің, бизнестің және қоғамның күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын түсінеміз. Еліміздегі коронавирус індетімен күреске біз алғашқы күндерден бастап қосылдық. Бұл күрестің алдыңғы қатарында Денсаулық сақтау министрлігі мен бүкіл ел бойынша он мыңдаған медицина қызметкерлері тұр, біз олардың қажырлы еңбегі үшін ризамыз. Біздің зертхана түріндегі үлесіміз оларға инфекцияның екінші толқынын тез арада жеңуге және оны тоқтатуға көмектеседі деп сенемін, – деп атап өтті Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Қайырымдылық ұйымы зертханаларды BGI (ҚХР) компаниясынан 4 миллион долларға сатып алды.

Автономды ішкі желдету және ауаны сүзу жүйесі бар цилиндрлік пішінді үш үрлемелі модуль (мембрана) тіпті стационарлық зертханалармен салыстырғанда биологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Қауіпсіздік мәселелеріне көзқарас Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының барлық талаптарына сәйкес келеді. Өндірушінің ұсынысы бойынша кешен тұрақтылық пен қауіпсіздікті арттыру үшін үй ішінде орнатылады. Алматыда зертхананы орнату орны ретінде «Атакент» көрме орталығының павильондарының бірі, Нұр-Сұлтанда «Қазақстан» спорт кешені таңдалды. Қажет болса, зертхананың орналасуын бір апта ішінде өзгертуге болады, – деді қордың баспасөз қызметінің қызметкерлері.

Зертханада жұмыссыздарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүгедектігі бар адамдарға, стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттерге, тыныс алу мүшелерінің, эндокриндік және жүрек-тамыр жүйелерінің ауруларымен динамикалық бақылауда тұрған 50 жастан асқан пациенттерге; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын арнайы контингент – әкімдіктер қызметкерлеріне, еріктілер мен белсенділерге, қарттар үйіндегі, интернаттағы және басқа да мамандандырылған мекемелердегі азаматтар; мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлеріне тегін скрининг жүргізіледі.

Өндірушіден, BGI компаниясынан бірқатар мамандардан тұратын жұмыс тобы келді: инженерлер, зертханашылар, зертхананы орнатуға, жабдықты баптауға көмектескен сарапшылар, ал дәрігер-зертханашылар жақын арада қазақстандық мамандарды оқытуды жүргізеді, — деді Ерлан Оспанов.

Осыған ұқсас зертхана Нұр-Сұлтанда 5 маусымнан бастап жұмыс істейді. Скрининг операторы болып Ұлттық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығы тағайындалды.

 

Дереккөз: https://businessfm.kz/society/coronavirus/v-almaty-otkrylas-modulnaya-laboratoriya-dlya-provedeniya-skrininga-na-covid-19