Нархоз Университеті 105 шәкіртақы табыстады

Narxoz Challenge 2018 байқауының жеңімпаздары анықталды, оның аясында 105 білім гранты бөлінді. Бастаманы белгілі кәсіпкер және меценат Болат Өтемұратов, «ForteBank» АҚ және «Верный Капитал» компаниялар тобы қолдайды.

«Верный Капитал» және ForteBank үлгерімі сақталған жағдайда 4 жыл ішінде оқу ақысын толық төлеуге 100 грант бөлді. Болат Өтемұратовтың «Болашақ бизнес көшбасшылары» шәкіртақысына ай сайынғы 60 мың теңге шәкіртақы, университет жатақханасында тегін тұру, шәкіртақы бағдарламасының халықаралық компонентіне байланысты шығындарды жабу кіреді.

«Болашақ бизнес көшбасшылары» 5 шәкіртақысының иегерлері:

1.         Гулим Гинет, г. Актобе

2.         Балнур Тажихан, г. Шымкент

3.         Данагуль Серикбай, г. Кызылорда

4.         Сулеймен Жапар, г. Алматы

5.         Акмарал Рахадкызы, г. Павлодар

Барлық Narxoz Challenge гранттарының ерекшелігі қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерін таңдау мүмкіндігі болып табылады. Грант иегерлері мамандықты өздері таңдап қана қоймай, оны грантты сақтай отырып өзгерте алады.

Narxoz Challenge олимпиадасы алғаш рет 2016 жылы басталды және содан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Бірінші Narxoz Challenge олимпиадасымен салыстырғанда, 2018 жылы үміткерлер саны 62%-ға өсті (сәйкесінше 4200-ден 6813-ке дейін). Олимпиаданың географиясы кеңейіп келеді, 2016 жылы байқау Қазақстан Республикасының 7 қаласын қамтыды, 2018 жылы Narxoz Challenge Қазақстанның 13 қаласында өтті.

Narxoz Challenge 3 кезеңде өткізіледі: IQ тесті, бейне эссе және ҰБТ нәтижелері. Әр кезең үшін балдар беріледі, ал жеңімпаздар балл сомасы бойынша анықталады.

Дереккөз: https://forbes.kz/news/2018/09/07/newsid_181239