Нархоз Университеті әлемнің ең үздік университеттері рейтингіне енді

Нархоз Университеті беделді QS World University Rankings 2024 рейтингіне кірді. Бұған дейін Нархоз QS аудитінен өтіп, «4 жұлдызға» ие болған және оқу сапасы, инклюзивті орта, түлектердің жұмысқа орналасуы және мансаптық мүмкіндіктері үшін «5 жұлдыз» ең жоғары бағасын алған әлемдегі 111-ші жоғары оқу орны болды. Бұл университетті Central Queensland University(Австралия)  және Loughborough University (Ұлыбритания) тәрізді «5 жұлдыз» иегерлерімен бір деңгейге қояды. Енді Нархоз әлемнің үздік университеттерінің рейтингінде атап өтілді.

Жыл сайын бүкіл әлем бойынша 21000 жоғары білім беру ұйымының 3 мыңға жуығы QS халықаралық рейтинг агенттігінің бағалауынан өтеді және бұл жолы кандидаттар тізіміне Нархоз Университеті кірді. Рейтингке кірген кезде университет академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, студенттер мен оқытушылардың арақатынасы, оқытушылардың бір басылымына шаққандағы дәйексөз алу, шетелдік студенттер мен оқытушылар саны, сондай-ақ халықаралық зерттеу ынтымақтастығы, түлектердің жұмысқа орналасу сапасы және университеттің тұрақтылығы сияқты өлшемшарттар бойынша бағаланды.

Суретте: QS халықаралық рейтинг агенттігінің президенті және негізін қалаушы Нунцио Квакварелли Нархоз Университетіне сапары кезінде

«Нархоз Университетінің басшылығын, профессор-оқытушылар құрамын және студенттерін әлемдегі үздік университеттер рейтингінде – QS World University Rankings табысты дебютімен құттықтаймыз! Университеттің үздік нәтижелерге қол жеткізген «Түлектердің жетістіктері», «Академиялық бедел» және «Шетелдік оқытушылардың үлесі» индикаторлары бойынша позицияларын ерекше атап өткім келеді. Жоғары оқу ұйымының жоғары кәсіби командасының үйлесімді жұмысының арқасында Нархоз тарихының шежіресіне тағы бір алтын бет жазылды. Рейтингтерде жаңа жарқын жеңістер, сондай-ақ жоғары оқу орнының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін көтеру және оның халықаралық аренада танылуын арттыру мәселесінде ең батыл ойлар мен өршіл жоспарлардың іске асуын тілейміз!» – деп атап өтті QS өңірлік директоры Сергей Христолюбов.

«Нархоз Университетінің QS World University Rankings 2024- рейтингіне кіруі біз университетті дамытудың стратегиялық тұрғыдан дұрыс векторы – академиялық артықшылық пен жоғары беделді таңдағанымыздың айқын дәлелі болып табылады. Бүгін біз студенттердің білім алуына жақсы жағдай жасай отырып, ең жоғары халықаралық сапа стандарттарына сәйкес білім береміз. Ең алдымен, жыл сайын біздің мұратымызда – нақты өмір үшін көшбасшылар даярлауда елеулі ілгерілеу көрсететін университет командасын құттықтағым келеді», – деп атап өттіНархоз  Университетінің президенті Мирас Дәуленов.

Бағалау барысында QS рейтингтік агенттігі Нархоздың академиялық серіктестері сауалнамасының нәтижелерін, жұмыс берушілер мен түлектердің пікірін, Scopus сияқты халықаралық ғылым-метрикалық жүйелердің деректерін пайдаланды. Атап айтқанда, ғылыми жарияланымдардың қарқындылығы мен сапасы бойынша Нархоз High бағасына ие болды. Нәтижесінде университет жарияланым белсенділігі бойынша еліміздің үздік-3 жоғары оқу орнына кірді.
Сондай-ақ, түлектердің жұмысқа орналасу сапасы бойынша университет әлемдік орташа 4,3 балл мәні кезінде  4,6 балл жинады, бұл оған қазақстандық жоғары оқу орындары арасында рейтингтің 7-қатарын алуға мүмкіндік берді. Бұл университеттің жұмыс берушілер алдындағы жоғары беделін тағы бір мәрте растайды, ол сондай-ақ «Атамекен» ҰКП рейтингінде атап өтілді.

Университеттің QS World University Rankings 2024 рейтингіндегі жалпы позициясы 1201-1400 құрады, бұл оған Nagoya Institute of Technology (Жапония), Shanghai University of Finance and Economics (Қытай), California Polytechnic State University (АҚШ) және Central Michigan University (АҚШ) сияқты жоғары оқу орындарымен бір қатарда орналасуына мүмкіндік берді.

Халықаралық рейтингтерге қатысу университеттің стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осылайша, жақында Нархоздың жоғары білім беру сапасы тағы бір британдық басылым – Times Higher Education Impact Rankings 2023 рейтингінде атап өтілді, онда университет осы көрсеткіш бойынша Хельсинки Университеті (Финляндия) және Оттава Университеті (Канада) сияқты жоғары оқу орындарымен қатар әлемде 601-800-орынды иеленді.

«Верный Капитал» компаниялар тобы 2007 жылдан бастап Нархоз Университетін жүйелі түрлендірумен айналысып, академиялық сапаны жақсартуға және инфрақұрылымды жаңартуға ерекше назар аударады. Бұл топтың әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына кіреді. Университет коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның қызметінен түскен барлық пайда университеттің одан әрі дамуына жұмсалады.

Дереккөз: Tengrinews.kz