Ерекше сәуір: Қазақстанда аутизмі бар балаларға ұқыпты қарым-қатынас қалай қалыптасуда

Сәуір – бүкіл әлемде аутизм туралы ақпарат тарату айы.

Бастаманың маңызды мақсаты – аутизм спектрі бұзылған адамдарға деген көзқарасты өзгерту, олардың қоғамға жақсы енуіне көмектесу, бақытты және толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беру.

Қазақстанның әлемдік науқанға қалай қосылғанын, әрбір ата-анаға аутизм туралы не білу керектігін және біздің еліміздегі бизнестің ерекше адамдарға төзімді инклюзивті қоғам құруға қалай үлес қосатынын айтып береміз.

Қазақстандағы ресми статистика бойынша 2022 жылы аутизм диагнозы 12 мың балада расталды. АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтері бойынша, әлемде АСБ белгілері 54 баланың 1-інде кездеседі. Аутизм – дамудың ең жиі кездесетін бұзылуы, бірақ оның айналасында әлі де көптеген аңыздар мен таптаурындар сақталуда.

«Ең көп таралған аңыз бұзылудың шығу тегіне қатысты, – деп түсіндіреді 2015 жылдан бері Қазақстанда «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасын жүзеге асырып келе жатқан Болат Өтемұратов Қорының «Асыл Мирас» аутизм  орталығының мамандары. – Көбісі вакциналауды немесе ата-ананың дұрыс емес өмір салтын кінәлайды, бірақ бүгінгі күнге дейін ғалымдар балада аутистік белгілердің пайда болу себептері туралы нақты жауап беруге дайын емес.

Бір нәрсе анық: аутизм – біржола емделетін ауру емес. Сондықтан «аутизм спектрі бұзылуы» терминін қолданған дұрыс. Ол күнделікті қарым-қатынас пен әлеуметтік бейімделудегі қиындықтарды, сезім мүшелерінен ақпаратты өңдеудің стандартты емес әдісін және белгілі бір тақырыптарға деген өткір қызығушылықты қамтиды».

Мамандар атап өткендей, бұзылуды мүмкіндігінше ертерек диагностикалау және ерекше қажеттіліктері бар балаға көмек көрсетуді ерте бастау өте маңызды. Бұл баланың және оның отбасының өмір сүру сапасын жақсарту үшін оған қарым-қатынас пен тәуелсіздік дағдыларын қаншалықты меңгертуге болатындығына тікелей байланысты.

Қазақстандағы аутизм туралы ақпараттандыру науқаны ерте диагностика тақырыбына арналған: балада бұзылудың алғашқы белгілерін қалай тануға болады, көмекке қайда жүгінуге болады, ерекше балаларға ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыруға қалай үлес қосуға болады? Болат Өтемұратов Қоры мен Citix компаниясы бұл туралы смартбордтарда – цифрлық көше гаджеттерінде арнайы әлеуметтік жобада айтады.

Смартбордтардағы «ақылды» виджет аутизмнің белгілері туралы бөліседі – бұл баламен көз байланысының болмауы, баланың қол тигізуден қашқақтауы, баланың өз атына жауап әрекеттің болмауы, бөгде дыбыстарға сезімталдық және басқалар – және 3 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарын www.asylmiras.org сайтында M-Chat диагностикалық тестін өз бетінше тапсыруға шақырады. Тест ата-аналарға балада АСБ пайда болу қаупін бағалауға және дәл диагноз қою үшін балалар невропатологына немесе учаскелік терапевтке қаралу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

Білім беру виджеті аутизмі бар балаларды алдымен балаларды, олардың қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен армандарын көруге, содан кейін ғана олардың даму ерекшеліктерін байқауға бағытталған әлеуметтік бейнелермен толықтырылған.

«Бірлескен күш-жігер аутизм жөнінде таптаурындарды көмектеседі және қала тұрғындарын АСБ бар адамдарды жақсырақ түсінуге әрі қабылдауға итермелейді деп үміттенеміз», – деп атап өтті науқан бастамашылары. Ол сәуір айының соңына дейін жалғасады, виджеттер мен роликтерді Алматы мен Астанадағы барлық 110 Citix смартбордтарынан көруге болады.

СУРЕТ: Forbes.kz баспасөз қызметінің мұрағаты

Болат Өтемұратов Қоры 2014 жылдың басында құрылған. Қордың мұраты – денсаулық сақтауды, білім мен мәдениетті дамытуға ықпалдаса отырып, Қазақстанға бүгін және болашақта адамдар өмір сүруі үшін жақсы мекенге айналуға көмектесу.  Қорды құру идеясы қордың құрылтайшысы Болат Өтемұратовқа тиесілі.

Citix Smart City және AdTech саласында жұмыс істейді, «ақылды» қалалар құрады, креативті және технологиялық сыртқы жарнамалар үшін инновациялар жасап, енгізеді. Компанияның маңызды бағыты – әйелдер құқығын қорғаудан бастап қоршаған ортаны қорғау жобаларына дейінгі барлық бағыттарда қоғамды жақсарту.

Қайнар: Forbes.kz