«Теннис орталығы» спорт кешеніне бару

Нұрсұлтан Назарбаев «Теннис орталығына» барып, алты теннис корты, оның ішінде үш жабық спорт кешенінің аумағын аралады. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жас теннисшілермен кездесіп, әңгімелесті. 

Соңында Қазақстан Президенті спортшыларға зор денсаулық пен жарқын жеңістер тіледі.

***

Спорт кешені 2015 жылы жергілікті бюджет есебінен салынды. 

2016 жылдың басынан бастап ашық және жабық корттарда бірнеше республикалық жасөспірімдер турнирлері өткізіліп, әуесқойлар мен ардагерлерге арналған турнирлер ұйымдастырылды.