Медведев пен Альяссим Бәйтеректің жанында теннис ойнады

Әлемнің төртінші ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев және ATP 500 Astana Open турнирінің сегізінші ойыншысы канадалық Феликс Оже-Альяссим елорданың басты көрікті жері — Бәйтерек алдында көрме матчын өткізді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Теннис жұлдыздарын Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов қызу қолдады, ойыншылар өздерінің теннис арсеналынан түрлі соққылар мен қимылдарды көрсетті, суретке түсті, бір-бірімен және жанкүйерлермен сөйлесті, теннис әуесқойларын кәсіби мамандардың бай техникалық жиынтығымен қуантты.

Естеріңізге сала кетейік, Медведев Astana Open турнирінің бірінші айналымында испандық Альберт Рамос Виньоласпен ойнайды, ал Альяссим стартта тағы бір испандық Роберто Баутиста Агутпен сынаққа түседі.

ATP 500 сериялы жарыс – «Үлкен дулыға» және ATP Masters 1000 турнирлерінен кейінгі кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының үшінші маңызды турнирі. ATR 500 Astana Open турнирінде әр түрлі жылдардағы «Үлкен дулыға» сериясының чемпиондары кездеседі: Новак Джокович (№7 АТР), Карлос Алькарас (№1 АТР), Даниил Медведев (№4 АТР), Марин Чилич (№16 АТР), Станислас Вавринка (WC). Сондай-ақ: Стефанос Циципас (№6 АТР), Андрей Рублёв (№9 АТР), Хуберт Хуркач (№11 АТР), Феликс Оже-Альяссим (№13 АТР), Карен Хачанов (№18 АТР), Роберто Баутиста Агут (№21 АТР) және басқалар өнер көрсетеді.

Дереккөз: TengriNews.kz