Джокович, Алькарас, Медведев және Оже-Альяссим Астанадағы аутизм орталығына барды

Балалар теннисшілерге естелікке өз суреттерін сыйға тартты.

Астана ATP 500 Astana Open турнирінің жұлдызды қатысушыларын қарсы алуды жалғастыруда. Беделді жарыстағы матчтары қарсаңында теннисшілер әлеуметтік шараларға уақыт бөлді.

Алғашқылардың бірі болып «Асыл Мирас» аутизм орталығына келген балалар мен ата-аналар спорт жұлдыздарымен танысты. Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның 10 қаласында аутистік спектр асқынулары бар балаларға арналған осындай орталықтарды ашты.

Теннис федерациясының президенті және қордың құрылтайшысы Болат Өтемұратов орталықты испандық Карлос Алькарасқа, Үлкен дулыға турнирлерінің 21 дүркін чемпионы серб Новак Джоковичке, Канаданың бірінші ракеткасы Феликс Оже-Альяссимге және әлемнің төртінші ракеткасы Даниил Медведевке көрсетті.

Экскурсия барысында қонақтарға аутизмнің алғашқы белгілері және уақтылы диагностиканың маңыздылығы туралы айтылды. Ата-аналардың айтуынша, оларды көңіл бөлуге мәжбүр еткен белгілердің қатарында сөйлеудің, көзбен байланыстың және басқа балалармен ойнауға деген қызығушылықтың болмауы, ойыншықтарды қатаң түрде бір сызық бойына немесе түстер бойынша тұрғызу бейімділігі бар.

Барлық 10 «Асыл Мирас» орталығында 3 жасқа дейінгі өте кішкентай балаларға арналған ерте қолдау бағдарламасы ашылды. Сәбилер мен ата-аналарға бала сөйлемесе де, бір-бірін түсінуге, дағдарыс жағдайларын шешуге, құрдастарымен ойнауға және т.б. үйретіледі. Уақытында алынған түзету көмегі баланың тәуелсіз және толық ересек өмір сүру мүмкіндігін арттырады.

Балалар салған суреттер қонақтарға естелік ретінде сыйға тартылды.

Дереккөз: InformBuro.kz