Қызыл Жарты Ай ШҚО су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа схема бойынша көмек көрсетеді

Адамдарға белгілі бір ақша сомасы бар банктік карталар беріледі

Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы Болат Өтемұратов Қорымен бірлесіп, үйлері су тасқынынан толығымен қираған немесе зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз тұрғындарына көмек көрсетті. Зардап шеккендерге қордың қаражаты аударылған ForteBank көмек карталары таратылды. Жақын арада Өскемен қаласының маңындағы тұрғындар да осындай қолдауға ие болады, деп хабарлайды Қызыл Жарты Ай қоғамының сыртқы байланыстарының жетекшісі Аслан Түсіпжанов.

16-19 наурызда ең осал азаматтардың арасынан (122 отбасы) Аягөз қаласының 568 тұрғыны жалпы сомасы 17,04 млн теңгеге көмек алды.

«Бұл қаражат адамдарға дағдарыстың алғашқы және ең қиын күндерінен аман өтуге және олардың негізгі қажеттіліктерін — тамақ, санитарлық-гигиеналық және асүй жабдықтарын, ұйықтайтын төсек-орынды, дәрі-дәрмектерді, киімдерді жабуға көмектеседі», – деп түсіндіреді Қызыл Жарты Айда.

Қызыл Жарты Ай қызметкерлері де Өскемен қаласының маңындағы зардап шеккен отбасыларға бағалау жүргізді. Көмек карталарын тарату 30 наурызда басталады. Жалпы сомасы 10,41 млн теңгеге 347 адам (99 отбасы) көмек алады.

«Қызыл Жарты Ай қызметкерлері әр ауылға жеке келіп, көмек карталарын таратады. Өскемен қаласына бірінші кезекте қажетті тауарларды сатып алуға барғысы келетіндер мен мүмкіндігі жоқтардың барлығына көлік беріледі», – деп атап өтті Қызыл Жарты Айда.