Болат Өтемұратов Қоры Covid-19 анықтау үшін экспресс-тесттерге 200 млн теңге бөледі

Қор Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Нұр-Сұлтан мен Алматыда талдау жүргізудің мобильді пункттерін ұйымдастырады

Болат Өтемұратов Қоры Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавируспен күресуге 200 млн теңге бөлді, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

«Бұл ақшаға қор ағзада Covid-19 вирусының бар-жоғын анықтау үшін экспресс-тест жинақтарын сатып алады және министрлікпен және денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп талдау жүргізудің мобильді пункттерін ұйымдастырады. Қор Еуропалық одақ аумағында сертификаттаудан өткен ҚХР өндірісіндегі IgG/IgM сыныпты экспресс-тест жинақтарын сатып алады», – делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан және Алматы бойынша денсаулық сақтау басқармалары жедел талдау жүргізу бойынша он мобильді топты ұйымдастырады. Топтар карантин жағдайында адамдар көп жиналатын орындарда – дәріханалар, супермаркеттер, қоғамдық көлік аялдамалары, теміржол вокзалдары жанында жұмыс істейді.

«Экспресс-тесттерді ұйымдастыра отырып, Болат Өтемұратов Қоры мен оның құрылтайшысы елімізде коронавирустық инфекциямен күреске өз үлесін қосуда. Біріншіден, біз вирус жұқтырған адамдарды уақытында анықтап, оларды емдеуге жібереміз. Екіншіден, біз вирустың таралуын шектейміз. Үшіншіден, біз теріс нәтижелері бар адамдарға өздерінің және жақындарының денсаулығына алаңдаушылық сезімін жоюға көмектесеміз», – деді Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Қазақстанда 36 адам коронавирус жұқтырған: Алматыда 18 науқас, Нұр-Сұлтанда – 18. 19 наурыздан бастап екі қалада да карантин жарияланды. Адамдардың қозғалысы шектеледі. Елде 15 сәуірге дейін төтенше жағдай режимі қолданылады, қажет болған жағдайда ол ұзартылуы мүмкін.

 

 

Дереккөз: https://informburo.kz/novosti/fond-bulata-utemuratova-vydelil-200-mln-tenge-na-borbu-s-koronavirusom-103644.html