Болат Өтемұратов Қоры БҚО ауруханасына жабдықты сыйға тартты

Болат Өтемұратов Қоры БҚО Жаңақала аудандық ауруханасына жалпы сомасы 58 миллион теңгеге медициналық жабдықты тапсырды. Ол 2013 жылдан бастап Ақмола облысының Щучье-Бурабай курорттық аймағында жыл сайын өткізілетін Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалінің бенефициарларының бірі болып таңдалды.

Барлық ақшалай алымдар, атап айтқанда, тіркеу жарналары, демеушілік қайырымдылықтар, қайырымдылық аукциондары мен брендтелген спорттық жабдықтар дүкенінің түсімдері дәстүрлі түрде Қазақстан өңірлеріндегі ауруханалар, перинаталдық орталықтар мен клиникалар үшін өмірлік маңызды медициналық жабдықтарды сатып алуға бағытталады. Burabike Fest ұйымдастырушылары Болат Өтемұратов Қоры және Rixos Borovoe қонақ үйі болып табылады.

Аурухана жалпы құны 44 миллион теңгені құрайтын Mercedes-Benz маркалы заманауи реанимобиль, сондай-ақ құны 14 миллион теңгені құрайтын өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратын алды. 45 төсекке есептелген аурухана БҚО Жаңақала ауданына қызмет көрсетеді, онда 25 000-ға жуық адам тұрады. Оған бес емдеу амбулаториясы мен үш фельдшерлік пункттен пациенттерді жедел тасымалдау, сондай-ақ ауыр науқастарды Оралдағы ауруханаларға жеткізу үшін жаңа реанимобиль қажет болды.

Аурухананың ӨЖЖ деген қажеттілігі де өткір болды. Оның орнына дәрігерлер оттегінің берілуін реттеуге мүмкіндік бермейтін ескірген анестезия-тыныс алу аппаратын қолдануға мәжбүр болды, бұл пациенттің тыныс алу жолына жарақат келтіруі мүмкін.

Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин облыс тұрғындарының атынан Болат Өтемұратов Қорына алғысын білдірді.

«Біздің ауруханаға арналған ең жаңа жабдық түріндегі біздің ауданға көрсеткен көмегіңіз баға жетпес, соның арқасында дәрігерлер біздің отандастарымызды жақсы емдеп, өмірін сақтай алады», — деді ол.

«Burabike Fest 2019 қатысушылары мен демеушілерінің арқасында алымдар сомасы рекордтық 300,2 миллион теңгені құрады. Елдегі сегіз медициналық мекеме пациенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға көмектесетін жабдықты алады. Олардың ішінде Жанғалы аудандық ауруханасы бар. Біз өңірдің әлеуметтік дамуына, медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға өз үлесімізді қосуға қуаныштымыз. Жанғалылықтарға зор денсаулық тілейміз!»- деп атап өтті Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Burabike Fest 2020 29 және 30 тамызда өтеді. Болат Өтемұратов Қоры әлеуетті бенефициарлардан медициналық жабдықтарды сатып алуға өтінімдер қабылдайды.

 

Дереккөз: https://tengrinews.kz/story/fond-bulata-utemuratova-podaril-oborudovanie-bolnitse-v-zko-391107/