ForteBank экожүйесі жаңа өнімдермен толықтырылды

Астанада екінші ForteDay өтті, онда Қазақстанның жетекші банкі қарапайым клиенттер үшін де, бизнес үшін де қолданыстағы сервистердің жаңартуларын, сондай-ақ мүлдем жаңа қызметтерді ұсынды. Сонымен қатар, ForteBank сервистері Forte клиенттерінің ғана емес, Қазақстандағы барлық банк қызметтерін пайдаланушылардың өмірін жеңілдетеді.

Қысқы ForteDay аясында ұсынылған басты инновациялардың бірі Augmented reality (Ar) технологиясын — толықтырылған шындықты енгізу болды. Ең жақын банкоматты, банк филиалын табу, банк серіктестерінің ұсыныстарымен танысу және олардың кірістері мен шығыстары туралы мәліметтерді әдеттен тыс ракурстан көру — бұл AR қолдауымен жаңартылған ForteBank қосымшасы ұсынатын қызметтердің шағын тізімі ғана.

«ForteBank клиенттер үшін ең жақсы инновациялық қызметтерді құруға ұмтылады. Біз банктің кез келген клиенттері пайдалана алатын қосымшаны әзірледік және өз қосымшасына толықтырылған шындық технологиясын енгізген алғашқы банк болдық. Биыл біздің клиенттер ұялы қосымшада екі есе көп төлемдер мен үш есе көп аударымдар жасады, ал банктің орнатылған қосымшасының саны 1 000 000-нан асты», – деп түсіндірді ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.

ForteBank ұялы қосымшасында виртуалды көмекші пайда болды. Talk in клиенттердің банк өнімдеріне қатысты кез келген сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ, сервиске пайдаланушылар бір-бірімен сөйлесе алатын чат қосылды. Тіпті, Қазақстаннан тыс жерде болса да, нөлдік теңгерімде және интернет-трафик болмағанда да ForteBank клиенттері туыстарымен және жақындарымен байланыста болады.

ForteBank экожүйесі қазақстандық нарықтың үздік ұсыныстары жинақталатын өзінің онлайн-дүкенін іске қосумен толықтырылады. Теледидар, смартфон, киім немесе үй тауарларын сатып алу керек пе? ForteMarket Сіздің қызметіңізде.

ForteStart – бұл жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге арналған, банктік картаны, жылдам қысқа мерзімді кредиттерді, интернет-банкингті және ПОС-терминалды қамтитын арнайы тарифі бар пакеттік ұсыныс.

«Біз алдымызға қойып отырған үлкен міндет — Қазақстанда бизнесті дамытуға көмектесу. Бүгінгі таңда бізге 75 000-нан астам компания сенеді, тек биылғы жылы клиенттер саны 30 пайызға өсті. ForteBank – Қазақстандағы кәсіпкерлер үшін жеке кеңселер салатын жалғыз банк», – деп атап өтті ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.

Бұдан басқа, ForteBank бизнеске арналған тағы бір өнім — ForteKassa ұсынды. Бұл – сауда нүктесін автоматтандыруға көмектесетін платформа. Сатуды бақылау, қойма есебі және қызметкерлердің көрсеткіштері енді бірыңғай жеке кабинетте қолжетімді.

 

 

Дереккөз: https://tengrinews.kz/strange_news/ekosistema-ForteBank-popolnilas-novyimi-produktami-359576/?_utl_t=wh