Барынша қауіпсіздік: Қазақстан теннис федерациясы ATP Astana Open турниріндегі сақтық шаралары туралы

Нұр-Сұлтанда 25 қазан мен 1 қараша аралығында өтетін ATP 250 сериялы қазақстандық теннистің алғашқы халықаралық турнирін өткізуге дайындық жалғасуда. Ұлттық теннис орталығында монтаждау жұмыстары жүріп жатыр, корттарды дайындау аяқталуда.

Дайындық жұмыстары аяқталуда

Теннисшілер мен қатысушылар үшін 1500 ПТР тесті брондалған. Турнирге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданатыны туралы Теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский баяндайды:

– Қазақстанға ұшып келетін барлық ойыншыларда өзімен бірге теріс ПТР-тест болуы тиіс. Қонақ үйге қоныстанғаннан кейін олар тестті қайта тапсырып, нәтижелерін алғанға дейін өз бөлмелерінде болуы керек. ПТР тесттің теріс нәтижесін алғаннан кейін ғана спортшылар турнирдің жабық, қауіпсіз кеңістігі форматына жіберіледі.

ПТР тестілеу әр төрт күн сайын тұрақты болады, дейді Юрий Польский. Бұл турнирдің барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Теннисшілер үшін әлеуметтік қашықтықтың үштік шаралары әзірленді.

Ойыншыларға арналған демалыс бөлмелерінде біз аралықтар мен бөлек бокстар қоямыз. Мұның бәрі әлеуметтік байланыстардың санын шектеу үшін жасалады.  Әр бокс үш адамға арналған. Сондай-ақ, матчқа шығу секторындағы күту бөлмелерінде арнайы аралықтар орнатылған. Басқаша айтқанда, теннис орталығының барлық логистикасы қауіпсіздік талаптарын ескере отырып құрылады, — деп атап өтті турнирдің техникалық директоры Дмитрий Савчук.

Қатаң регламентке байланысты теннисшілер экскурсияға, мұражайларға барып, қала бойынша серуендей алмайды. Теннис орталығының аумағында, әсіресе ойыншылар үшін «Құланшы» заманауи өнер орталығы «Жусан иісі» экспозициясын ұйымдастырады.

Корттарды турнирге дайындауда

Дмитрий Савчук алдағы турнир туралы қызықты ақпаратпен бөліседі. Мысалы, 7000 теннис добы, 10000 бөтелке су және 1500-ге жуық сүлгі дайындалды. Телевизиялық трансляцияны ұйымдастырушылар кемінде 4000 метр сым төсейді.

Турнирдің техникалық директоры Дмитрий Савчук Astana Open ресми шарларын тексереді

Турнирдің барлық қатысушылары анықталды – ең көп теннисшілер Франциядан келеді. Олардың арасында Бенуа Пэр, Ришар Гаске, Адриан Маннарино және басқалар бар.

Astana Оpen корттарына Испания, Сербия, Франция, Австралия, Ұлыбритания, Португалия, АҚШ, Италия, Чехия, Молдова, Аргентина, Ресей, Босния және Герцеговина, Беларусь, Германия, Оңтүстік Африка, Финляндия, Жапония, Бельгия, Дания, Нидерланды, Уругвай, Хорватия, Бразилия, Үндістан, Эквадор және Монако теннисшілері шығады.

Турнирдің басты олжалары өз иелерін күтуде: екі кубок (биіктігі 73 см және 59 см) және төрт тәрелке. Олардың өндірісінде күміс, жалатылған алтын, лазурит, долерит, нанокерамика, болат түйреуіш қолданылды.

Турнирдің жүлде қоры 275 000 долларды құрайды. Тікелей эфирде Astana Open матчтарын Qazsport телеарнасы көрсетеді. Бұдан басқа, халықаралық трансляцияға өтінімдерді әлемнің 28 елі сұрады.

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский турнирді жаңа жағдайда өткізудің ерекшеліктері және турнир күндері спортшыларды сүйемелдеу қалай ұйымдастырылатыны туралы әңгімелейді.

 

Дереккөз:https://forbes.kz/life/sport/bezopasnost_po_maksimumu_federatsiya_tennisa_kazahstana_o_merah_predostorojnosti_na_turnire_atp_astana_open/