Александр Бублик Open Sud de France турнирінің финалында екі сетте неміс Александр Зверевті жеңді
Әлемнің 35-ракеткасы және Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик жексенбі, 6 ақпан күні кешке Монпельеде өткен Open Sud de France АТР сериясы турнирінің финалында әлемдік рейтингінің 3-нөмірі неміс Александр Зверевті екі сетте 6:4, 6:3 есебімен 1 сағат 10 минутта жеңді. Кездесу барысында Бублик сегіз эйс пен төрт брейк жасап, доп беру кезінде үш рет қателесті. Ал Зверев төрт рет допты корттан асыра беріп, үш рет қосарлы қателік жіберіп, бір брейк-пойнт жүзеге асырды. Қарсыластардың жеке кездесулерінің шоты қазақстандықтың пайдасына 2:0 болды.
Монпелье турнирінің чемпионы атағы Бублик үшін мансабындағы алғашқы атақ болды және оған 46 мың еуроға жуық жүлде сыйлығы мен 250 рейтингтік ұпай әкелді. Бұған дейін қазақстандық АТР сериясы турнирлерінің финалында 4 рет ойнаған, бірақ ешқашан чемпион болған емес.
Осы жеңістің арқасында қазақстандық жаңартылған рейтингте әлемнің 31-ракеткасы болады.
Дереккөз: https://forbes.kz/life/sport/kazahstanets_vyiigral_turnir_atr_v_monpele/