Анна Данилина – әлемнің 25-ракеткасы

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) және Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) планетаның үздік ойыншылары рейтингтерінің жаңартылған нұсқаларын жариялады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. Австралия ашық чемпионатының жұптық разрядының финалына шыққаннан кейін Анна Данилина 25-орынға көтерілді. Жалғыз радрядта Елена Рыбакина 12-орында қалды, Юлия Путинцева әлі де 42-орында, ал Зарина Дияс 118-орынға жайғасты. Еркектерде Қазақстанның алғашқы ракеткасы Александр Бублик өткен рейтингпен салыстырғанда өз позициясын екі тармаққа жақсартты, енді ол 35-орында. Михаил Кукушкинде де ілгерілеу болды, қазір ол әлемнің 166-ракеткасы, Дмитрий Попко 180-орында қалды, Тимоти Скатов 17 орынға көтеріліп, 236-орынды алады. Денис Евсеев рейтингтегі өз орнын жақсартты: Литвада өткен турнирде сәтті өнер көрсетудің арқасында Алматының тумасы 42 тармаққа көтеріліп, 351-орында, Бейбіт Жукаев 696-орында. Жұптық разрядта Андрей Голубев – әлемнің 30-ракеткасы, ал Александр Недовесов – 67-ракеткасы.

Дереккөз: https://24.kz/ru/news/sport/item/525022-anna-danilina-25-ya-raketka-mira