«Асыл Мирас» аутизм орталығы Таразда жұмысын бастады

Таразда аутистік спектрдің ауытқулары балаларды қолдау бойынша жаңа «Асыл Мирас» аутизм орталығы ашылды.  

Тараз Болат Өтемұратов Қорының аутизм орталықтары желісі жұмыс істейтін Қазақстанның 10-қаласы болды. 

Болат Өтемұратов қорының «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасының арқасында аутистік спектрдің ауытқулары бар 11 мыңнан астам бала  мен олардың отбасылары көмек алды.

Орталықтардың мамандары Қазақстанда аутизм ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсетудің неғұрлым тиімді әлемдік тәжірибелерін зерделеу және енгізумен айналысады.

«Асыл Мирас» орталықтары аутистік спектрдің ауытқуларын анықтауға және әлеуметтік, сөйлеу және тұрмыстық дағдылардың тапшылығын жоюға бағытталған алты интервенция бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Сабақтар Калифорния университетінің және АҚШ-тың Атланта қаласындағы Marcus Autism Center халықаралық сарапшылары әзірлеген технологиялар бойынша өткізіледі.

Әр бала жеке таңдалған бағдарламаға сәйкес үш айлық оқу циклінен өтеді. Орталыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы негізінде 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар жазыла алады. Сабақтар тегін өткізіледі.

«Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасы жеті жылы ішінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Курсты аяқтағаннан кейін балалардың дағдылары орта есеппен екі есе жақсарады. Біз әрбір ашық орталықты мақтан тұтамыз, өйткені әрбір жаңа орталықтың артында балалары толыққанды және дербес өмір сүруге мүмкіндік алған мыңдаған қазақстандық отбасылардың шынайы тарихы тұр», – деді Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

«Асыл Мирас» орталығы – аутистік спектрдің ауытқулары бар балалардың білім беру қажеттіліктеріне толық жабдықталған және бейімделген кеңістік. Барлық сабақтар ата-аналардың қатысуымен өтеді, осылайша оқыту тек балаларға ғана емес, жақын ортаға да бағытталған.

Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп ашылған және Асқаров көшесі, 47 мекенжайында орналасқан орталық жылына 300-ге дейін баланы қабылдай алады.

Дереккөз: https://orda.kz/autizm-centr-asyl-miras-nachal-rabotu-v-taraze/