Болат Өтемұратов Қоры Жаркент перзентханасына жабдықты тапсырды

30 қаңтарда Болат Өтемұратов Қоры Жаркент перзентханасына жалпы сомасы 22 055 730 теңгеге жаңа буын жабдығын табыстады. Медициналық мекеме жыл сайын Щучье-Бурабай курорттық аймағында өтетін алтыншы Burabike қайырымдылық веложарысының бенефициарларының бірі болды.

Берілген жабдықтардың тізіміне мыналар кіреді: 

  • HERSILL, S.L. (Испания) өндірген құны 15 900 000 теңге GENESIS наркозды-тыныс алу аппараты; 
  • құны 6 155 730 теңге ВМ пациент мониторы (Корея).

Жабдықтарды беру рәсіміне Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев қатысты. Ол денсаулық сақтау саласын дамытудың басымдығын атап өтіп, медициналық мекемелерді мемлекеттік қолдау туралы айтып, Болат Өтемұратов Қоры берген жабдық аналар мен балалардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі деген үмітін білдірді. Сондай-ақ, іс-шараға Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Бауыржан Ысқақ қатысты.

«Болат Өтемұратов Қорына осындай сыйлық үшін алғыс айтамыз. 2018 жылы перзентхананың қабырғасында 2 975 бала дүниеге келді. Жаркент перзентханасы перинаталдық көмекті өңірлендірудің екінші деңгейдегі медициналық мекемесі болғандықтан, біз бірқатар операцияларды өз бетімізше жүргізе аламыз. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде өкпені ұзартылған желдетуге арналған және анестетикалық газдарға арналған араластырғыштары жоқ бес бірлік ӨЖЖ аппараты болды. Жаңа жабдық ересектер мен жаңа туған нәрестелерге қысқа мерзімді операциялар жүргізуге мүмкіндік береді, бұл операциялық бөлмені қамтамасыз етуді айтарлықтай жақсартады және пациенттерді емдеудің жалпы деңгейін арттырады», — деп атап өтті Жаркент перзентханасының директоры Гаухар Байдаханова.

Осы және басқа жабдықтарға қаражат өткен жылдың 30 тамызында өткен алтыншы жыл сайынғы Burabike қайырымдылық веложарысында жиналды. Алты жыл ішінде оның қатысушылары мен қонақтары қайырымдылыққа шамамен 700 миллион теңге бөлді.

«2013 жылдан бастап біз Burabike қайырымдылық веложарысын өткіземіз, оның мақсаты балалар медициналық және оңалту мекемелеріне өмірлік маңызды медициналық жабдықтарды сатып алу үшін қаражат жинау болып табылады. Қаражат жинау қатысушылардың тіркеу жарналары, корпоративтік жарналар, меценаттардың көмегі және қайырымдылық аукционы есебінен жүзеге асырылады. 2018 жылы бес аудандық және ауылдық медициналық мекеме бенефициар атанды, ал жиналған сома 205 миллион теңгені құрады», – деді Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

2019 жылы Burabike қайырымдылық фестивалі тамыз айында Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы Rixos Borovoe қонақ үйінің аумағында өтеді.

 

 

Дереккөз: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/fond-bulata-utemuratova-peredal-oborudovanie-jarkentskomu-362334/