Болат Өтемұратов Қоры көп балалы отбасыларға қалай көмектеседі

Болат Өтемұратов Қоры «Баламекен» жобасы аясында көп балалы аз қамтылған отбасыларға арналған 100 үйдің құрылысын қаржыландырды.

2019 жылы қазақстандық қоғамда қолайсыз жағдайларда тұратын көп балалы отбасыларға көмек көрсету мәселесі ерекше өткір болды. Бұған жауап ретінде Үкімет қолдау шараларының ауқымды бағдарламасын әзірледі: жеңілдікті кредит беру, ипотекалық бағдарламалар, тұрғын үй сертификаттары және Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі жәрдемақылар. 

«Баламекен»: қызылордалықтар үшін үйлер

Наурыз айында Болат Өтемұратов Қоры «Баламекен» жобасын жариялады, оның аясында Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесе отырып, 100 аз қамтылған отбасы үшін үйлер салынды. Жоба бизнес пен өңірлік әкімшілік өкілдерінің өзара іс-қимылының тиімді форматының мысалы ретінде Қазақстан үкіметі тарапынан ерекше назар аударды.

Суретте: Болат Өтемұратов Қорының директоры және Қызылорда облысының әкімі меморандумға қол қойды

Үйлер жаңа «Бәйтерек» шағын ауданында салынды, Болат Өтемұратов Қорының жобаға салған жалпы салымы 1 млн доллардан асты.

«Жоба рекордтық мерзімде, бір жарым ай ішінде іске асырылды және біз Қызылорданың 100 отбасы үшін жазғы демалыс қоныс тойынан басталатынына қуаныштымыз», – деді Болат Өтемұратов Қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман 31 мамырда Дүниежүзілік балаларды қорғау күні қарсаңында кілттерді жаңа иелеріне табыстай отырып.

Суретте: Алмаз Шарман»Баламекен» жобасының бенефициарларына кілттерді табыстауда

Жоба бенефициарларын облыс әкімдігі құрған арнайы комиссия таңдады. Олар қолайсыз жағдайларда тұратын отбасылар болды – шағын, нашар жылытылатын және ыңғайсыз үй-жайларда сығылысуға мәжбүр болған, уақытша баспананы, гараждар мен сарайларды жалға алатындар.

«Баламекен» жобасының арқасында қазір өз үйіміз бар. Менің екінші топтағы екі мүгедек балам бар. Бұрын оларға күтім жасау үшін ешқандай жағдай болған жоқ, енді қиындықтар артта қалды деп үміттенеміз. Біз бұл күнді ұзақ жылдар күттік», – деді тоғыз баланың анасы Нұргүл Жаңабаева. Әйел алты жыл бойы баспана алу үшін кезекте тұрды.

Елу дуплекстің әрқайсысы екі отбасына арналған, әр отбасының өз кіреберісі және алты сотық жері бар. Үйлер таза әрлеумен, сантехникамен, газ қазандығымен және пешпен тапсырылды. Бұған қоса, газ, су және электр қуаты жеткізілді. Болат Өтемұратов Қоры мен әкімдік кішкентай қоныстанушылардың жайлы, ең бастысы, қауіпсіз өмір сүруі үшін бәрі бар екеніне көз жеткізді.