Болат Өтемұратов Covid-19-ға қарсы күреске 5,5 млн доллар бөлді

Ақшаның бір бөлігі республикалық коронавирусқа қарсы қорға түсті, қалған қаражатқа алғашқы экспресс-тесттер мен модульдік ПТР-зертханалар сатып алынды.

Қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратов пандемия мен коронавирус дағдарысы кезінде қайырымдылықпен айналысуды жалғастыруда. Өзінің аттас қоры мен «Верный капитал» компаниялар тобы арқылы меценат Сovid-19-бен күресуге жалпы сомасы 5,5 млн доллар бөлді.

Birgemiz қоры арқылы азаматтарға көмек

«Верный Капитал» компаниялар тобының бас акционері 1 млн доллар көлеміндегі алғашқы салымды республикалық коронавирусқа қарсы іс-қимыл қорына жолдады. Бұл 2020 жылғы 20 наурызда – Қазақстанда Covid-19 жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталғаннан тура бір аптадан кейін болды. Сол кезде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық бизнесмендерді осы қиын кезеңде елге көмектесуге шақырды.

«Бүгінде әлемде коронавирустық инфекцияның таралу қаупі және жаһандық пандемияны тоқтату үшін үкіметтер қабылдаған шаралар әсер етпейтін бірде-бір адам жоқ. Бұл – өте қиын кезең, біз оны көмек пен қолдау арқылы бірге жеңуіміз керек, сондықтан мен қазақстандықтарға республикалық көмек қорына 1 млн доллар аудару туралы шешім қабылдадым», – деді Болат Өтемұратов.

Birgemiz қорының қаражатынан халықтың әлеуметтік осал топтарына бірнеше ай ішінде 50 мың теңгеден төленді, сондай-ақ ауруханалар үшін дәрі-дәрмектер, жеке қорғаныс құралдары мен өкпені жасанды желдету аппараттары сатып алынды.

Қазақстандықтар үшін алғашқы экспресс-тесттер

2020 жылдың сәуір айында Қазақстанда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 600-ден астам адам болған, ал елге скринингтік жүйелер жетіспеген кезде Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры Covid-19 анықтауға арналған 94 мың жедел тест әкелді. 47 мың жиынтық сол кезде жұқтырғандар саны ең көп болған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына ақысыз берілді.

Қытай өндірісінің тесттері (Covid-19 ауруы таралған жерде) Еуропалық одақ аумағында сертификаттаудан және Алматының Орталық референс-зертханасында міндетті валидациядан өтті, бұл олардың сапасын растады. Денсаулық сақтау министрлігінің шешімі бойынша экспресс-тесттер тәуекел топтарын тегін тексеруге жіберілді:

  • медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
  • ЖРВИ белгілері және созылмалы аурулары бар науқастар;
  • жұқтырғандармен байланыста болған адамдар;
  • автоөткізу пункттері арқылы шетелден келген адамдар.

Болат Өтемұратов Қоры экспресс-тесттерді сатып алуға 200 млн теңге бөлді.

Жоғары технологиялық модульдік ПТР-зертханалар

Маусым айында Қазақстанда жұқтырғандардың саны 10 мыңнан асып, республиканың шекаралары жабылған кезде Болат Өтемұратов Қоры екі ықшам ПТР-зертхана әкеліп, оларды Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы денсаулық сақтау басқармаларына тегін берді.

«Алғашқы модульдік зертханалар тек сәуірде және тек Қытайда жасалды. Өндіруші – BGI компаниясы – медициналық зерттеулер жүргізу, зертханалық талдауларға арналған жабдықтар мен шығын материалдарын өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы. Қазақстанның жабық шекарасынан, логистикадан – ел ішіндегі қалалар арасындағы бөгеттерге байланысты жеткізуде қиындықтар болды, бірақ мұндай зертханалар мемлекетке өте қажет болды. Біз маусым айының басында Қазақстанға кешендерді жеткізе алдық», – деді Болат Өтемұратов Қорында.

Ол кезде – пандемия шыңы кезінде – мемлекеттік зертханалар жүктемені көтере алмады, қазақстандықтар Covid-19 тестінің нәтижелерін бірнеше күн күтуге мәжбүр болды. Сондықтан Республиканың ең көп қоныстанған екі қаласында жаңа зертханалардың ашылуы шиеленісті біраз жеңілдетті.

Зертханалар үш үрлемелі модуль болып табылады, бұл оларды жылдам орналастыруға және бір жерден екінші жерге орын ауыстыруға мүмкіндік береді. Олар биоматериал жинамайды, бірақ сынамаларды зерттейді. Болат Өтемұратов Қоры зертханаларды 30 мың тестке қажетті реагенттер жиынтығымен толықтырды. Әр зертхананың қуаты күніне 1000 талдаудан тұрады, оның әлеуеті 5000-ға дейін жетеді. Тест нәтижесі үш сағат ішінде дайындалады.

ПТР-скринингке арналған зертханаларды сатып алу және жеткізуге Болат Өтемұратов Қорына 4 млн. АҚШ долларын жұмсады.