Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов ITF Директорлар кеңесінің құрамына қайта кірді

Халықаралық теннис федерациясының Директорлар кеңесіне сайлау Мексиканың Канкун
қаласында өтті. Арнайы сайлау комиссиясы мен тәуелсіз аудиторлар жасырын дауыс берді, оның
қорытындысы бойынша Болат Өтемұратов Директорлар кеңесіне 2023-2027 жылдар аралығына
қайта сайланды.

Әлемдік теннис қоғамдастығының осындаймойындауы мен сенімі сайлауалды уәделердің дәйекті
орындалуына және жаһандық теннис жоспарының маңызды міндеттерін іске асыруға
байланысты. Болат Өтемұратовтың қатысуымен өткен төрт жыл ішінде ITF құрылымы
реформаланды, басқару жүйесінің ашықтығы арттырылды және Мұхиттық елдері, Африка, Латын
Америкасы, Кариб бассейні және Азия елдерінен 12 жасқа дейінгі балаларға арналған өңірлік
командалық жарыстарды өткізуге қосымша қаржыландыру тартылды.
«Менің ойымша, теннис қауымдастығы көрермендер аудиториясы бойынша әлемдегі топ-3-ке

кіретін біздің спорт түрінің зор әлеуетін іске асыру үшін барынша жиналуы тиіс, бұл ретте
табыстылығы бойынша алғашқы ондыққа әрең кіреді. Жаңа корттар салуға, турнирлер өткізуге
және әлемнің түкпір – түкпірінде дарынды ойыншыларды қаржыландыруға айтарлықтай үлкен
ресурстар алу үшін бар күш-жігерімізді салып, барлық мүмкіндіктерді іске асыру қажет», – деп атап
өтті Болат Өтемұратов дауыс беру нәтижелері жарияланғаннан кейін.

ITF 210 Ұлттық теннис ұйымын біріктіреді, 143 – і толық мүше және 63-і қауымдастырылған
мәртебеге ие. 2021 жылы Қазақстан теннис федерациясының ITF-тегі дауыстары 5-тен 7-ге дейін
өсті. Бұл ұлттық федерация ретінде ITF мүшелігінің 6 мүмкін деңгейінің үшіншісі. Бұл шешімге 2021
жылғы ITF жыл сайынғы жиналысында 155 елдің өкілдері дауыс берді. Бұл қазір теннис
державаларының топ-20 құрамына кіретін Қазақстандағы теннисті дамыту стратегиясының
практикалық іске асырылуын дәлелдейді.