Жойқын су тасқынынан зардап шеккен мыңнан астам адам 110 млн теңгеге көмек алды

Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамы және ForteBank-пен бірлесіп көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге жалпы сомасы 110 млн теңгеден астам «Көмек карталарын» берді.

Атаулы қаржылық көмек Ақтөбе, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарындағы жойқын су тасқынының салдарын жою үшін 224 отбасына жіберілді.

Павлодар облысында (Рождественка және Калиновка ауылдары) 25 үй шаруашылығына (86 адам), Ақтөбеде (Алматы және Астана аудандары) 127 отбасына (660 адам), Батыс Қазақстан облысында (Шалғын, Аралтал және Жақсыбай ауылдары, сондай-ақ Ақсай қаласы) 72 отбасына (359 адам) қаржылық көмек көрсетілді. Алушылар арасында жалғызбасты зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және бір ата-анасы бар отбасылар бар. 

«Көмек картасы» жобасын бесінші жыл жүргізіп отырмыз, осы уақыт ішінде біз осындай жобалардың қажеттілігіне көз жеткізуге мүмкіндік алдық. Белгілі бір сомаға ие бола отырып, бұл орташа есеппен бір отбасына 400 мың теңге, адамдар өздерін сенімді сезінеді және өз шығындарын өздері жоспарлай алады. Біздің тәжірибеміз бойынша алынған ақша жөндеуге салынады немесе азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалады», – деді Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

«Мен бұл үйде 10 жылдан астам уақыт тұрдым және су алғаш рет біздің үйге кірген, біз мұны күткен жоқпыз, – деп еске алады Рождественское ауылының тұрғыны Татьяна Кох. – Біз бес минуттың ішінде заттарды, құжаттарды жинап, қызым мен бір жасар баласын қалаға туыстарға жібердік, ал күйеуімізбен бірге үйде қалып, жиһазды құтқаруға тырыстық. Су үйде бір күннен артық тұрды. Осы уақыт ішінде төрт бөлменің едендері толығымен суланды, қабырғалардағы сылақ кетті. Екі апта өткеніне қарамастан, үйде әлі де ылғал бар, еден тақталарының астында су бүлкілдейді. Осыған байланысты қызым мен немерем үйге орала алмай отыр. Жөндеуді бастау үшін жылынуды күтеміз. Біз бір-бір бөлмеден жөндейміз деп ойладық. Ең алдымен, алынған ақшаға біз еден үшін жаңа тақталарды сатып аламыз. Жазда жөндеуді аяқтаймыз деп үміттенеміз».

Су тасқыны бәсеңдеді, тұрғындардың көпшілігі эвакуацияланып, уақытша орналастыру орындарында жайғастырылды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейді. 

«Мен алған ақшаны үйімізді қалпына келтіру үшін пайдалануды жоспарлап отырмын. Бізде қабырғалар толығымен суланған, бөлмелердегі тұсқағаздар ағытылып, диван мүлдем жарамсыз болды. Алда жұмыс көп. Бірақ алынған көмектің арқасында біз жөндеуді жақын арада бастай аламыз», – деп бөлісті Ақтөбе қаласының тұрғыны Динара Шалабаева.

Естеріңізге сала кетейік, Болат Өтемұратов Қорының, Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы мен ForteBank бірлескен «Көмек картасы» жобасы алғаш рет 2018 жылы іске қосылды. Осы жылдар ішінде көктемгі су тасқынының салдарымен күресте 9 мыңнан астам қазақстандық 360 млн теңгеге көмек алды.

Дереккөз: https://informburo.kz/novosti/pomosh-na-110-mln-tenge-poluchili-svyshe-tysyachi-chelovek-postradavshih-ot-razrushitelnyh-pavodkov