Қазақстан теннис федерациясының басшысы ITF директорлар кеңесіне қайта сайланды

27 қыркүйекте Лиссабонда Халықаралық теннис федерациясының (ITF) жыл сайынғы бас жиналысы аясында ұйымның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау өтті. Сайлауды арнайы сайлау комиссиясы мен тәуелсіз аудиторлар әр 4 жыл сайын жасырын дауыс беру әдісімен өткізеді.

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов дауыстар санында айтарлықтай айырмашылықпен жаңа мерзімге қайта сайланды. ITF директорлар кеңесінің 14 мүшеден тұратын жаңа құрамы келесідей: Болат Өтемұратов (Қазақстан) — 357 дауыс, Бернард Джудичелли (Франция) — 304 дауыс, Рене Стаммбах (Швейцария) — 300 дауыс, Катрина Адамс (АҚШ) — 295 дауыс, Карлос Браво (Коста-Рика) — 288 дауыс, Камило Перес Лопес Морейра (Парагвай) — 280 дауыс, Нао Каватей (Жапония) — 275 дауыс, Сальма Муэли-Гизани (Тунис) — 269 дауыс, Мартин Корри (Ұлыбритания) — 239 дауыс, Джек Грэм (Канада) — 238 дауыс, Ульрих Клаус (Германия) — 213 дауыс, Стефан Цветков (Болгария) — 203 дауыс, Анил Ханна (Үндістан) — 203 дауыс, Алексей Селиваненко (Ресей) — 201 дауыс.

2015 жылдан бастап ITF директорлар кеңесіне кіретін Болат Өтемұратовтан басқа тағы 7 мүше қайта сайланды. Естеріңізге сала кетейік, ITF 210 ұлттық теннис ұйымын біріктіреді, 143-і толыққанды мүше және 63-і қауымдастырылған мәртебеге ие. Жыл сайын өткізілетін және бюджетті бекітетін, федерацияға мүшелікке үміткерлердің өтініштерін қарайтын және ITF президенті мен директорлар кеңесін сайлайтын бас жиналыс жоғары өкілеттіктерге ие. Тек толық мүшелер ғана бас жиналыста дауыс беруге құқылы.

Директорлар кеңесінің құрамында бола отырып, Қазақстан теннис федерациясының президенті кейіннен халықаралық ауқымға ие болған көптеген бастамаларды енгізіп, жүзеге асырды. Бір мысал – 12 жасқа дейінгі балалар арасында Азия командалық біріншілігін ұйымдастыру және өткізу.

Болат Өтемұратовтың ITF жоғары органына қайта мерзімге қайта сайлану фактісі қатысушы елдер тарапынан лайықты сенім мен танылғаны туралы куәландырады. Қазақстан теннис федерациясы өз қызметінде Халықаралық теннис қауымдастығының үмітін ақтауға және осындай жоғары мәртебеге лайық болуға барынша күш салады.

 

Дереккөз: https://tengrinews.kz/tennis/glava-federatsii-tennisa-kazahstana-pereizbran-sovet-380314/