Болат Өтемұратов Қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 680 млн теңгені бөлді

680 млн теңге көлеміндегі көмекті Болат Өтемұратов Қоры су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға жолдады

«Осы күндері миллиондаған жерлестеріміз табиғи апат салдарынан қиын кезеңнен өтіп, дүние-мүліктерінен айырылып жатқандарын көріп, қол ұшын беруді жөн көрдік. Және де бұл қаржылай көмек зардап шеккен отандастарымызға алғашқы қажеттіліктерін алып, осы кезеңнен аман-есен шығуға көмектеседі деген сенімдеміз», – деп айтты Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Болат Өтемұратов Қоры қазақстандықтарға табиғи апат салдары мен техногендік апат төтенше жағдай кездерінде жүйелі түрде көмектесіп тұрады.  2018 жылдан бастап Қор Қызыл Ай Қоғамы және ForteBank-пен бірлесе су тасқыны кездерінде зардап шеккендерге адрестік қаржылай көмек көрсетіп келуде. 6 жыл ішінде «Көмек картасы» жобасы аясында 16,4 мың қазақстандықтарға қаржылай көмек көрсетілді. Жоба аясында көрсетілген көмектің жалпы сомасы 1,1 млрд теңгені құрады.

Дереккөз: TengriNews.kz