Болат Өтемұратов Қоры жаңа мектеп салады

2023 жылдың 1 қыркүйегіне қарай Ақмола облысының Қосшы қаласында бір жарым мың оқушыға арналған жаңа жалпы білім беретін мектеп ашылады.

Құны шамамен 7,5 млрд теңге болатын қайырымдылық жобасы Болат Өтемұратов Қорының қаражаты есебінен қаржыландырылады. Құрылыс аяқталғаннан кейін мектеп қалаға тегін беріледі.

Жаңа мектеп оқу сыныптарынан басқа рекреациялық аймақтармен, заманауи оқу-өндірістік шеберханалармен, спорт және гимнастика залдарымен, ақпараттық орталықпен, зертханамен, шығармашылық студиясымен және коворкинг-кеңістігімен жабдықталады. Үш қабатты мектептің жалпы ауданы шамамен 16 мың шаршы метрді құрайды. Баскетбол-волейбол алаңы, шағын футбол алаңы мен жүгіру жолдары бар стадион, үлкен және кіші жастағы оқушыларға арналған ойын алаңдары қарастырылған. Ойын және спорт алаңдары полимерлі үгіндіге негізделген резеңке жұмсақ жабыннан жасалған. Мектептің айналасына көпжылдық шөптер, жергілікті ағаштар мен бұталар отырғызылады. Кіру аймағы пандустармен, нашар көретіндерге арналған тактильді жолдармен жабдықталады.

Қосшы халқының саны шамамен 65 мың адамды құрайды. Бала туудың өсуімен және одан әрі урбанизациямен студенттік орындарға деген қажеттілік артып келеді – 2021 жылдың қыркүйегінде қала мектептерінің бірінде бірінші сынып оқушыларының саны шамамен 700 адамды құрады, бірінші сыныптардың параллелін белгілеу үшін әліпбидің барлық әрпін — «Ы» әрпіне дейін қолдануға тура келді.

«Менің мектеп жасындағы екі балам бар. Мың екі жүз оқушыға есептелген біздің мектепте үш ауысымда барлығы бес мың оқушы оқиды. Мұндай жағдайда мұғалім әр балаға тиісті көңіл бөле алмайтыны түсінікті. Жаңа мектеп салу біздің қаламызға өте қажет», — деп бөлісті Қосшы тұрғыны Наталья Поспелова.

«Біздің қалада тек үш мектеп бар, олардың екеуі мемлекеттік және олар лық толы. Біз Болат Өтемұратов Қорына Қосшыда жаңа мектеп салу жобасын қолдағаны үшін алғыс айтамыз. Мен жобаны көрдім – жаңа мектеп үздік әлемдік стандарттарға сай болады. Балалар жайлы, жақсы ойластырылған үй-жайларда білім алып, сабақтар арасында демалып қана қоймай, өздерінің практикалық дағдылары мен машықтарын дамыта алады, өйткені мектепте арнайы жабдықтармен жабдықталған оқу-өндірістік кеңістіктер қарастырылған», – деп атап өтті қала әкімі Гайдар Қасенов.

Заманауи инфрақұрылымнан басқа, жаңа мектепте Болат Өтемұратов Қоры қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылатын сұранысқа ие инновациялық қосымша оқыту бағдарламалары енгізіледі. Өткен жылы қор мектепте білім беру саласында екі жобаны іске қосты – «Жасыл мектептер» және Jas Leader Akademiiasy. Бірінші жоба бойынша мектеп аумағында жыл бойғы жылыжай орнатылады, балалар көкөністер, жидектер мен аскөкті өсіру туралы практикалық дағдылар мен білім алады. Ал Көшбасшылық академиясы аясында жасөспірімдер сыни ойлауды, көшбасшылық дағдыларды және коммуникативтік құзыреттерді дамыта алады.

Дереккөз: forbes.kz