Болат Өтемұратов Қорының директоры: «2018 жылы біз мультижобалыққа жаңа бағыт алдық»

Бұрын көпшілік «Аутизм. Баршамызға бір әлем» ауқымды негізгі жобасы мен Burabike фестивалінің арқасында Қордың қызметін  медицинамен байланыстырды. Бірақ соңғы уақытта қоғамдық кеңістікті қайта құру, мәдени жобаларды қолдау, гуманитарлық көмек және әлеуметтік қорғалмаған жастарға көмек сияқты басқа да бағыттар бойынша бірнеше маңызды қоғамдық бастамалар пайда болды.

Ботаникалық бақты қайта құру

2018 жылы Болат Өтемұратов Қоры Алматыдағы Бас ботаникалық бақтың инфрақұрылымын қалпына келтіру жобасына шамамен 15 млн доллар бөлді.  Негізгі жұмыстар 2019 жылдың соңына дейін аяқталады. Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлері көмек сұрап жүгінді. Қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты суару жүйесі жарамсыз болды, инфрақұрылым ескірді, бақтың жасыл қоры азайды, ғылыми қызмет жүргізу және ағартушылық функцияны орындау мүмкіндіктері айтарлықтай қысқарды.

Суретте: Алматының Бас ботаникалық бағы жобасының эскизі

Бір жыл ішінде олар көп нәрсені істей алды: ұсынылған қайта құру тұжырымдамасы бойынша баққа баспасөз туры мен қоғамдық талқылаулар өткізді, қала тұрғындары мен белсенділерден кері байланыс жинады, 2019 жылдың көктемінде жұмыс басталатын эскиздік жобаны ұсынды және келісті.

«Бұл жобадағы біздің басты қағидатымыз – «зиян келтірмеу». Жолдар, су қоймалары, екпелер бұрынғы орындарында қалады. Біз Ботаникалық бақтың бірегейлігін сақтау үшін жағдай жасаймыз және оны барынша заманауи қыламыз, – дейді қордың байланыс менеджері Элизабет Демина. – Біз бәрін барынша ашық және жария жасаймыз, қала тұрғындарымен, белсенділермен және халықаралық сарапшылармен бірлесіп шешім қабылдаймыз».

«Ботаникалық бақ – ғылыми ұйым және ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Сондықтан бақта арнайы жарықтандыру жүйесі болады – төменнен, арнайы суару жүйесі – арық, барлық жолдар табиғи материалдардан – қиыршық тастан жасалады, ал кіреберістердегі партерлер көрініске кедергі келтірмеу үшін әйнектен жасалады. Бақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді болады, ал танымдық функцияны ұялы қосымша арқылы іске асырамыз», – дейді қор директоры Марат Айтмағамбетов.

 

Суретте: Шыны партер

Мәдени мұраны сақтауға көмектесу

Өткен жылдың тағы бір ұзақ мерзімді жобасы Батырхан Шөкенов атындағы қормен ынтымақтастық болды. Мақсаты – атақты әртістің мұрасын сақтау, жас дарынды қазақстандық музыканттарды қолдау. Ынтымақтастықтың бірінші жылында Болат Өтемұратов Қоры төрт бастаманы қолдады:

Ұлттық консерваторияның үрмелі және соқпалы музыкалық аспаптар кафедрасының дарынды студенттеріне әрқайсысы 500 мың теңгеден бес шәкіртақы беру;

Батырдың қазақ әндерінің ноталық басылымын дайындау және шығару;

  1. Жүлде қоры 5 млн 250 мың теңге болатын Батырхан Шөкенов атындағы ағаш үрмелі аспаптарда орындаушылардың республикалық конкурсын ұйымдастыру;

    Батырдың барлық жеке шығармашылығын қамтитын сыйлық CD және DVD-басылымын дайындау. Бұл жоба Артемия Лебедева студиясымен бірлесіп дайындалуда және 2019 жылы жарияланады.

    Осы төрт бастаманы жүзеге асыру үшін өткен жылы 70 млн теңге бөлінді. 2019 жылы ынтымақтастық жалғасады, қор тағы 51 млн теңге бөледі, соның арқасында бес емес, 10 дарынды студент шәкіртақы алады, ал республикалық конкурс тек ағаш үрмелі аспаптарды ғана емес, мыс аспаптарын да қамтиды.

Суретте: Бауыржан Шөкенов «Сағым Дүние» музыкалық басылымын таныстыруда
«Біз осы ынтымақтастықпен қол жеткізгіміз келетін барлық нәрсе – бір елде өмір сүргіміз келетін қазақстандықтардың жаңа прогрессивті ұрпағын тәрбиелеу және осы жерде барабар мәдени ортаны қалыптастыру. Сол үшін мен Мәскеуден оралдым. Кезінде Батыр ағам мен әкем де солай істеген. Бұл жерде қормен біздің көзқарасымыз сәйкес келетіні өте қуантарлық жағдай. Олар да, біз де ұзақ мерзімді– 5 жылдық, 10 жылдық ынтымақтастыққа ниеттіміз», – дейді Батырхан Шөкенова қорының директоры Наргиз Шөкенова.
Су тасқынынан зардап шеккендер арасында банк карталарын бөлу
2018 жылдың көктемінің басында ШҚО су тасқынынан ең көп зардап шекті. Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамымен және Fortebank-пен бірлесе отырып, 20 елді мекенде 863 отбасына атаулы көмек көрсете алды. Қызыл Жарты Ай қызметкерлері адамдарға 82 млн теңгені инновациялық тәсілмен – банк карталарымен таратты.
«Біз гуманитарлық көмек көрсетудің бұл әдісі неғұрлым атаулы болады деп ойладық. Біреуге дәрі-дәрмек, біреуге жылы заттар, ал біреуге тамақ қажет. Біздің жобаға сәйкес Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілдері әр отбасына ForteBank банк карталарын береді, ал біз бір адамға 30 мың теңге көлемінде көмек аударамыз. Әрбір отбасы осы ақшаға қажет нәрсені сатып ала алады», – дейді Марат Айтмағамбетов.
WeArt жастарды креативті дамыту орталығы
Қазақстанда жастар арасында жұмыссыздықтың жоғары деңгейі мәселесі өткір тұр. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша Алматыда жұмыссыз жастар басқа өңірлерге қарағанда көбірек – республика бойынша жалпы санынан 19,3%.

2018 жылы Болат Өтемұратов Қоры WeArt – балалар үйлерінен, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан жастарды креативті дамыту орталығының жобасын құруға қатысты. Қордан басқа жобаны Narxoz университеті мен DAR Ecosystem технологиялық компаниясы қолдады. Грант сомасы 21 млн теңгені құрады. Бұл қаражатқа жабдықтар сатып алынды, үй-жайларда жөндеу жұмыстары жүргізілді, білікті оқытушылар жалданды. 2018 жылы балалар заманауи бейне-монтаждау және интернет-маркетинг технологиялары бойынша тегін оқытылды.  Оқытушылар арасында, мысалы, New York Film Academy түлектері болды. 2019 жылы WeArt ұйымдастырушылары аспаздық, дизайн курстарын қосып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқытуға қабылдауды жоспарлап отыр.

«WeArt бастапқыдан түлектерін жұмысқа орналастыра алатын мамандықтарды таңдағаны маңызды», – дейді Елизавета Демина.

АСА бар балаларды қолдау

2018 жылы қор қазақстандықтардың денсаулығын сақтау саласына бағытталған жобаларды да назардан тыс қалдырған жоқ. Қордың негізгі жобасы «Аутизм. Баршамызға бір әлем»  бағдарламасы болды, оның арқасында төрт жыл ішінде Қазақстанның алты қаласында «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының желісін құруға мүмкіндік туды. Орал мен Ақтөбеде орталықтар 2018 жылы жергілікті әкімдіктермен серіктестікте ашылды. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда аутистік спектр асқынулары (АСА) бар балаларға бейімделуге көмек көрсетудің ең заманауи, бірақ ғылыми дәлелденген халықаралық әдістемелерін енгізу.

Осы мақсатқа қордың құрылтайшысы Болат Өтемұратов 12,5 млн доллар бөлді. Орталықтар АСА бар балалардың ата-аналарын оқытуға үлкен көңіл бөле отырып, тегін көмек көрсетеді. Орталықтарда 100-ден астам маман жұмыс істейді, олар үздік шетелдік мамандардан оқытылды.

Орталықтардың мамандары қазірдің өзінде 5000-ға жуық балаға, оның ішінде 2018 жылы – 2471 балаға диагноз қойды. Медициналық қоғамдастықты, АСА бар балалардың ата-аналарын, мемлекеттік өкілдерді және КЕҰ жақсырақ хабардар ету үшін Болат Өтемұратов Қоры үшінші рет жыл сайынғы «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» халықаралық  конференциясын үйымдастырып, онда АҚШ, Оңтүстік Африка және Ресей сарапшылары сөз сөйледі. Конференцияға 350 адам қатысты.

Бұқаралық спорт арқылы қайырымдылықты насихаттау

Дәстүр бойынша, алтыншы рет қор Rixos Borovoe қонақ үйімен бірге Burabike қайырымдылық, музыка және спорт фестивалін өткізді. 2018 жылы рекордтық 205 миллион теңге жиналды, ақша балалар медициналық мекемелері үшін өмірлік маңызды медициналық жабдықтарды сатып алуға жұмсалды, жабдықтарды беру 2019 жылдың басында өтеді.

Церебралды сал ауруы диагнозы қойылған балаларды қолдау

2018 жылы қор церебралды сал ауруы диагнозы қойылған балаларға арналған оңалту орталығын ашуға көмектесу үшін АРДИ мен «ДОМ» ҚҚ-ға 330 млн теңге бөлді. Бұл жобаға көзқарас «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасына ұқсас – қор Қазақстанда оңалтудың неғұрлым заманауи және ғылыми дәлелденген әдістемелерін енгізуді, ата-аналар, медициналық қоғамдастық және қоғамдық ұйымдар арасында білімді таратуды және танымал етуді жоспарлап отыр. Жоба Қазақстандағы білімді бейімдеу үшін мамандарды оқыту элементін де қарастырады. Бұл орталықтың алты қызметкері Оңтүстік Кореяда оқыды және АҚШ сарапшысының тренингін тыңдады.