ITF Juniors: Әмір Омарханов карьерасындағы алтыншы жүлдені жеңіп алды

Қытай астанасында жасөспірімдер арасындағы ITF J300 BEIJING 2024 CHINA OPEN турнирі аяқталды.

18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингіде 15-орында тұрған Әмір Омарханов финалда ұлыбританиялық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors) жеңді. Алғашқы сетте Оливер тай-брейк арқылы жеңіске жетті, келесі екі партияда Әмір басым түсті – 6:0, 6:4.

Бұл – қазақстандық теннисшінің ITF Juniors турнирлеріндегі жекелей сын бойынша алтыншысы жүлдесі. Бұған дейін Қарағанды ​​теннис мектебінің түлегі Тайландта (J300), Кореяда (J300), Египетте (J100), Грузияда (J60) және Қарағандыда (J60) жеңіске жеткен еді.

Дереккөз: Sportburo.kz