Академия лидерства

Қазақстанда «Көшбасшылық академиясы» бағдарламасы басталады

Болат Өтемұратов Қоры Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктерімен ынтымақтастықта «Көшбасшылық академиясы» бағдарламасын іске қосады. Бағдарламаның міндеті – 5-11-сынып оқушыларының көшбасшылық қасиеттерін қолдау мен дамыту және мектепте оқытылмайтын сұранысқа ие дағдыларға үйрету.

Қарым-қатынас дағдылары, аудитория алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту – осының бәрін балаларға «Көшбасшылық академиясы» бағдарламасы бойынша сабақтарда үйретеді.

«Көшбасшылық академиясында» Шымкент, Түркістан және Түркістан облыстарының 5-11-сынып оқушылары оқуды бірінші болып бастайды, бұл – 15 000-нан астам бала. Алдағы бес жыл ішінде бағдарламаға Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстары біртіндеп қосылады, ал бағдарламаның жалпы бюджеті 5 миллион АҚШ долларын құрайды.

«Белсенді азаматтық ұстанымы мен заманауи дүниетанымы бар жас көшбасшылар – уақыт талабы. Сондықтан өскелең ұрпақтың жаһандану жағдайында бәсекелестік басымдыққа ие болуы үшін қазіргі жастардың мықты көшбасшыларын тәрбиелеу өте маңызды», — деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Оқушылар қарым-қатынас, сыни тұрғыдан ойлау, көпшілік алдында сөз сөйлеу және келіссөздер жүргізу дағдыларын тиімді пайдалануды үйренеді. Факультативтік сабақтар, ай сайынғы кездесулер, шеберлік сыныптары, танымал тұлғалардың қатысуымен көшбасшылық тренингтер және үздік оқушыларды марапаттайтын жыл сайынғы конференциялар жоспарланған.

Жас, табысты қазақстандықтар – Әли Оқапов, Mezzo тобы және Дана Ақылбекова бағдарлама идеясын қолдап, көшбасшылық дағдыларды дамытудың маңыздылығын атап өтті:

«Біз балалар «Көшбасшылық академиясында» оқуды бастайтын оқу жылының басталуын асыға күтеміз. Бұл – кешенді бағдарлама, соның арқасында бірнеше жылдан кейін жастар арасында белсенді өмірлік ұстанымы бар көшбасшылардың тұрақты пулын қалыптастырамыз, олар тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге жарқын ашылып, өз дарындарын көрсете алады», – деді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Дереккөз: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/v-kazahstane-startuet-programma-akademiya-liderstva-440587/