2018 жылдың соңында қазақстандық кәсіпкер және меценат Болат Өтемұратов еліміздің қайырымдылық мәдениетіне қосқан үлесі және атаулы қайырымдылық қоры арқылы жүзеге асыратын қайырымдылық жобалары үшін бірден бірнеше сыйлыққа ие болды. Ол 12 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Алтын Жүрек» ұлттық қоғамдық сыйлығының нұсқасы бойынша «Жыл қайырымдылығы» атанды.
Марапаттың негізі кәсіпкердің қайырымдылық бастамалары болды – оның кәсіпкерлік жобалары сияқты ауқымды. Олардың ішіндегі ең үлкені: «Аутизм. Баршамызға бір әлем» жобасы, балалар медициналық мекемелерін жарақтандыруға арналған Burabike жыл сайынғы қайырымдылық фестивалі, Батырхан Шөкенов атындағы қорды, Церебралды сал ауруы бар балалардың ата-аналар қауымдастығын (АРДИ), Аружан Саиннің ДОМ қорын, VitAlem белсенді және салауатты ұзақ өмір сүру коалициясын, Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамын, Алматының Бас ботаникалық бағын қайта жаңартуды қолдау.
2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанда қоғамдық даму министрлігі елімізде кәсіпкерлер, меценаттар, ҮЕҰ және еріктілер арасында қайырымдылық мәдениетін насихаттау мақсатында «Жомарт жүрек» сыйлығын құрды. Ұйымдастырушылар, ең алдымен, аймақтық деңгейде әлеуметтік мәселелерді шешуге қайырымдылық жасаушыларды тартуға тырысады.
2018 жылдың қазан айының соңында Батыс Қазақстан облысында Орал қаласында «Асыл Мирас» аутизм орталығын ашқаны үшін «Жүректен жүрекке» номинациясы бойынша «Жомарт жүрек» бірінші марапаты табысталды. Орталықта жоғары білікті мамандар Болат Өтемұратов Қорының «Аутизм. Баршамызға бір әлем» жобасы аясында аутистік спектрдің асқынулары (АСА) бар балаларға ең озық, дәлелденген батыстық әдістер мен тәжірибелерді пайдалана отырып, диагностика жүргізеді және уақтылы көмек көрсетеді. Жалпы, жобаға 12,5 млн доллардан астам қаражат бөлінді, оның шеңберінде АСА бар 5 мыңнан астам қазақстандық бала мен олардың отбасылары уақтылы көмек алды. Елімізде Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Қызылорда, Ақтөбе және Орал қалаларында барлығы 6 «Асыл Мирас» аутизм орталығы ашылды. 2019 жылы тағы үшеуі – Шымкент, Павлодар және Петропавлда ашылады деп күтілуде.
2018 жылы Болат Өтемұратов Шығыс Қазақстан облысында «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды. «Жыл тұлғасы» номинациясындағы марапат ірі қайырымдылық жобалары арқылы азаматтарға көмек көрсеткені үшін облыстың меценатқа деген ризашылығын білдірді. Атап айтқанда, 2018 жылы Болат Өтемұратов Қоры Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесе отырып, су тасқынынан зардап шеккен ШҚО тұрғындарына ақшалай атаулы көмек көрсету бойынша «Көмек картасы» жобасын іске асырды. ForteBank-тен» Көмек карталарын» 20 елді мекеннің тұрғындары алды, оның ішінде Семей, Аягөз, Зырян ауданы – барлығы 863 отбасы карталарын а 81,7 млн теңге аударылды.
Сол жылдың желтоқсан айында Болат Өтемұратов «Жомарт жүрек» сыйлығы аясында қайтадан ұсынылды, бірақ енді ұлттық деңгейде және «Жыл тұлғасы» номинациясында. Жеңімпаздар jomarkjurek.com сайтына ашық дауыс беру арқылы таңдалды, оған 625 мың адам қатысты. Елордада салтанатты марапаттау рәсімінде Болат Өтемұратов Қорының директорына жүрек пішінді мүсінді Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл табыстады. Болат Өтемұратов ұтқан «Жыл тұлғасы» номинациясы түрлі бағыттарда кең ауқымды қайырымдылық қызметін жүргізетін белсенді азаматтық ұстанымы бар қайырымдылықтар үшін қарастырылған