Bloomberg елдердің шығындарын оның ең бай азаматының байлығымен салыстыратын дәстүрлі «Робин Гуд индексін» құрастырды.
Егер Қазақстан үкіметі өзінің барлық ақшалай ресурстарын сарқыса және оған Робин Гуд ретінде өзінің барлық мүлкін құрбан етіп, ең бай азаматы көмекке келсе, онда бұл қаражат 33 күнге жетер еді. Бұл Bloomberg жасаған осы жылғы «Робин Гуд индексінің» нәтижелері, онымен abctv.kz танысты.
Агенттіктің мәліметінше, қазіргі уақытта ең бай қазақстандық Болат Өтемұратов болып табылады, оның байлығы 3,3 миллиард долларға бағаланады. Есептеу кезінде индекс авторлары Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) мәліметтері бойынша үкіметтің жылдық шығындарын пайдаланды. Қазақстанның мемлекеттік шығыстары республиканың ЖІӨ шамасынан 21,7%-ды (170,3 миллиард доллар) құрайды, бұл қайта есептегенде 37 миллиард долларға жақын. Тиісінше, Өтемұратов мырзаның байлығы 33 күн ішінде үкіметтік шығындарды жабуға жеткілікті болар еді. Бұл – агенттік талдаушылары қамтыған елдер арасындағы орташа көрсеткіш.
Индекстің өзінде 49 ел бар, олардың тек төртеуінде ғана ең бай адамдар әйел жынысты болып келеді: Ангола, Австралия, Чили және Нидерланды. Индекс бойынша әлемдегі ең қымбат үкімет – Қытай, Жапония және Польша. Бұл елдердің ең бай азаматтарының, атап айтқанда, Джек Ма (45,5 миллиард доллар), Тадаси Янай (20,6 миллиард доллар) және Зигмунд Солорц-Зак (2,7 миллиард доллар) байлығы өз елдерінің шығындарын тек төрт күнге жабады.
Керісінше, Кипрдің ең бай адамы Джон Фредриксеннің (10,4 миллиард доллар) және Грузияның бай адамы Бидзина Иванишвилидің (5,8 миллиард доллар) байлығы өз елдерін тиісінше 441 және 430 күн ұстауға жеткілікті болар еді. Айта кетелік, бұл мемлекеттердің жылдық шығындарын ХВҚ 8,6 миллиард және 4,9 миллиард долларға бағалайды.
Ең бай ресейлік Алексей Мордашевтің байлығы Ресей Федерациясының бюджеттік шығындарын екі аптаға (14 күн) жабуға жеткілікті болар еді. Таяу шет елдердің ішінен Қазақстанға ең жақын көрсеткішті Украина көрсетіп отыр. Осы елдің ең бай азаматы Ринат Ахметовтың активтерінің құны Украина үкіметінің шығындарын 36 күн қаржыландыруға жеткілікті болар еді. Сұлтан Биманов
Толығырақ: http://abctv.kz/ru/news/sostoyanie-bogatejshego-kazahstanca-pokryvaet-rashody-byudzheta-na-33-dnya