Булат Утемуратов

Болат Өтемұратов теннистен Қазақстан құрамасының Швейцарияны жеңгені туралы айтты

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Дэвис кубогінің әлемдік тобының 1/8 финалында Швейцариямен өткен матчты қорытындылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Бұл – біздің он бірінші жеңісіміз. Осы жеті жыл ішінде Әлемдік топта біз тек бір рет ұтылдық — сол кезде қазіргі чемпион болған Чехия құрамасынан. Мен екі күн бойы бізді қолдаған барлық теннис әуесқойларын, жанкүйерлер мен көрермендерді Швейцарияны осындай керемет және ерте жеңумен құттықтағым келеді.

Білесіз бе, Федерер мен Вавринкасыз да Швейцария – өте күшті теннис командасы. Дэвис кубогінде, әсіресе әлемдік топта ешқашан қарапайым қарсыластар болмайды. Бұл турнирде ойыншылар өз елдерін таныстырады, олар үшін бұл – жылдың ең маңызды матчтары. Біз үшін бесінші болған осындай жеңіс пен ширек финалға шыққанымыз үшін қуананыштымын. Теннисшілер мен жанкүйерлер үшін лайықты және өте қажет жеңіс», – деді Өтемұратов журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, ертең, 4 ақпанда Канада мен Хорватия құрамалары арасындағы жекпе-жектің нәтижесі бойынша біздің құраманың ширек финалда кіммен ойнайтыны белгілі болады.

Қазақстан құрамасы Астанадағы матчтық кездесуде Швейцарияны мерзімінен бұрын жеңді — 3:0. Бірінші күні Дмитрий Попко Генри Лааксоненді жеңді— 6:2, 7:6, 3:6, 7:5, ал Михаил Кукушкин Адриан Бромерден күшті болды — 3:6, 6:3, 6:2, 6:3. Жұптық кездесу шешуші болды. Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин 3-2 есебімен швейцариялықтар Марк Андреа Хуслер мен Лука Маргаролиді жеңді— 6:4, 6:4, 3:6, 6:7, 6:3.