«RG Gold» ЖШС Комсомольский учаскесінде құрамында алтыны бар кендерді барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алуға жеңімпаз атанды
Болат Өтемұратовпен үлестес «Верный Капитал» басқарушы компаниясы жалғыз қатысушысы болып табылатын RG Gold тау-кен компаниясы Комсомольский учаскесін барлау құқығын алды.
«RG Gold» ЖШС қызметін кеңейту шеңберінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі өткізетін аукцион нәтижелері бойынша Комсомольскийдің перспективалық учаскесінде құрамында алтыны бар кендерді барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алуға жеңімпаз атанды», — деп хабарланады компания таратқан баспасөз хабарламасында.
Комсомольский учаскесі Ақмола облысының Ақкөл ауданында орналасқан, оның ауданы 15,9 шаршы км. Жақын арада RG Gold Комсомольскийде геологиялық барлау бағдарламасын әзірлеуді бастайды.
Бұдан басқа, RG Gold Новоднепровское кен орнында геологиялық барлау және іздеу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта компания сондай-ақ Солтүстік Райгородок және Оңтүстік Райгородок карьерлерінен тотыққан кенді өндіріп, оны қайта өңдейді.
Серіктестік «Ақмола облысының Бурабай ауданында өнімділігі жылына 2 млн тонна кен болатын тау-кен гидрометаллургиялық кешенін салу» бекітілген жобасы шеңберінде кәсіпорынның өңдеу қуаттарын кеңейту бағдарламасын жалғастыруда. Жобаны іске асыру шеңберінде жаңа өндірістік объектілердің құрылысы жүргізілуде: үшінші ұсақтау-агломерациялық кешен, гидрометаллургиялық цех, сорғы станциялары, жөндеу-механикалық цех. Жобаны іске асыру 2018 жылы түпкілікті өнім шығаруды 50%-ға — 1400-1500 кг (45-48 мың унция) химиялық таза алтынға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, RG GOLD агломератталған кенді төсеу және алтын өндіру бойынша 2017 жылға арналған жылдық жоспарды орындады. Кенді төсеудің жылдық жоспарланған көлемі 1 260 мың тоннаны құраса, нақты көлемі 1 300 мың тоннадан асты. Доре қорытпасында химиялық таза алтын өндірісі (алтын кен орындарынан алынған және кейіннен тазарту үшін аффинаждық зауыттарға жіберілген алтын-күміс қорытпасы) 1004 кг (32,3 мың унция) жоспарда 1024 кг (32,9 мың унция) құрады.
https://forbes.kz/process/resources/kompaniya_bulata_utemuratova_uvelichila_zolotyie_aktivyi